Басы » ШҚО мемлекеттік кіріс Департаментінің Семей қаласы » Жаналықтар » «Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша сұрақ жауап
«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша сұрақ жауап
Автор: ШҚО мемлекеттік кіріс Департаментінің Семей қаласы
30-01-2019 12:06
«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша сұрақ жауап
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, есептілікті табыс ету бойынша талаптар шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне:
1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда қолданылады.
Шетелдік көздерден алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті табыс ету тәртібі, нысандары, мерзімдері Қазақстан Реуспубликасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 241, 242 бұйрықтарымен белгіленген. Тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілік келесі мерзімдерде табыс етіледі: хабарлама (017.00 н.) Шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алынған жағдайда – алынған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде; Мәлімет (018.00 н.) тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей.
Осы тақырып бойынша келесі сұрақтар мен жауаптарды ұсынамыз.
Сұрақ: «Құқықтық хабардар болу» бұл нені түсіндіреді?
Жауап: 
Құқықтық ақпарат беру - Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну арқылы белгіленбеген тұлғалар тобына көрсетілетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегінің түрі («Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабының 1-тармағы).
Сұрақ: «Коммерциялық мақсатта қызметті жүзеге асыру» бұл нені түсіндіреді?
Жауап: 
Салық кодексінің ережелеріне сәйкес, қызметті жүзеге асыру:
1)осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2)алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйымға жатады.
Осыған байланысты, көрсетілген жағдайлар болған жағдайда, қызметі коммерциялық емеске теңестіріледі. 
Сұрақ: Іссапар шығындарына берілетін қаражаттар, шетелдік қаржыландыру көздері ретінде қарастырылады ма?
Жауап: 
Жол жүру, тұру және тәуліктік шығындарды өтеу үшін шетелдік көздерден алынған ақшалай қаражат Салық кодексінің 29-бабы 1-тармағының 1 тармақшасында көрсетілген мақсаттарға бағытталған жағдайда мәліметтер мен хабарламаларда өзге де мүлікті және ақшаны алғаны туралы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте осы қаражаттардың шығындары өз қажеттіліктерінің шығындары болады.
Сұрақ: Егер ұйым қызметіне заңды көмекке, талдауға, әлеуметтік сауалнамаларға жатпайтын шетелдік қаржыландыру алса, мысалы, мүгедектер үшін қайырымдылық көмек көрсетуге, бірақ, бұл ретте, осындай қызметті және баспасөз конференциясына жобасына қаражат қарастырылған кез келген ҮЕҰ сияқты жұртшылықты хабардар етеді (баспасөз-конференция). Осындай ұйым барлық қаржыландыруға есеп беру қажет пе немесе тек баспасөз конференциясына жұмсалған ақшаға ма?
Жауап: 
Біріншіден, Салық кодексінің 29-бабының 2-тармағына сәйкес осындай ұйым ақпаратты шетелдік субъектілерінің қаражаты есебінен тарататынын көрсетуге міндетті. Бірақ, хабарламаны және мәліметтерді жасау кезінде қоғамдық ұйым аталған баптың 1-тармағын басшылыққа алу қажет. Тиісінше, мұндай жағдайда қоғамдық ұйым ақпаратты таратуға алынған (бөлінген) ақшалай қаражатқа есеп беру қажет.
Сұрақ: Құрылтай жарналары шет мемлекет азаматының ұйымына, сондай-ақ осы Заңның күшіне кіреді ме?
Жауап: 
Салық кодексінің 29-бабының 1 тармағында тұлғалармен хабарлама мен мәліметтерді ұсыну жағдайлардың толық тізбесі келтірілген.
Осылайша, шетел азаматынан ұйымдарға құрылтай жарнасы ретінде алынған ақша және (немесе) өзге де мүліктер мемлекеттік кірістер органдарына хабарламалар мен мәліметтерді ұсыну үшін негіз болып табылмайды.
 
 
 
Семей қаласы бойынша мемлекеттік 
кірістер басқармасының
Заң қызметі және салықтық
заңнаманы түсіндіру бөлімі