Демографиялық ахуал
Автор: Акимат
24-06-2016 09:16
Демографиялық ахуал
Алдын-ала алынған деректерге сәйкес, Семей өңiрiндегi халықтың саны 2016 жылдың 1 шілдедесінде 346,1 мың адамды құрады, соның iшiнде 324,4 мың адам – қала, 21,7 мың адам – ауыл тұрғындары.
2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында қалада 1860 некелесу және 926 ажырасулар тіркелді. 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда тіркелген некелер саны 5,6%-ға азайды, ажырасулар – 2,8%-ға өсті. Алдын-ала алынған деректерге сәйкес, 01.09.2017 жылғы қала бойынша некелесудің жалпы коэффициенті 8,08 жылдың сәйкес кезеңіне 8,57 ажырасушылық коэффициенті тиісінше 4,02 және 3,92 құрады.
2017 жылдың қаңтар- тамыз  4087 бала дүниеге келді (2016 жылдың қаңтар- тамыз 4379 сәби), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға азайды.
Алдын-ала алынған деректерге сәйкес 2017 жылдың 1 қыркүйек қала әкімшілігі бойынша туудың жалпы коэффициенті 17,75 2016 жылдың сәйкес күніне 19,06 құрады. 
Талданбалы кезең ішінде 1932 адам қайтыс болды, 2016 жылдың қаңтар- тамыз айына қатысты алғанда 101,5%-ды құрады. Алдын-ала алынған деректерге сәйкес, 01.09.2017 қала әкімшілігі  бойынша өлудің жалпы коэффициенті 8,39  2016 жылдың сәйкес күніне 8,28 құрады.
1 жасқа дейінгі жас шамасында 24 сәби шетінеді, бұл өткен жылдың көрсеткішімен 48,9%-ға азайды. Сәбилер шетінеуінің құрылымында перинаталды кезеңде пайда болатын жағдайлар және туа біткен ауытқушылықтар басым. Бір жастан асқандар арасында қан айналымы жүйесінің аурулары, жаңа өскін аурулары мен жазатайым оқиғалар басым болды.
Халықтың табиғи қозғалысы нәтижесінде 2017 жылдың қаңтар- тамыз 2155 адамға оң сальдо қалыптасты (2016 жылдың қаңтар- тамыз халық өсімі 2476 адамды құраған).
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2017 жылдың қаңтар-тамыз көші-қон алмасуы кезеңіне 22210 адам қатысты. Өңірден 11055 адам кетіп 11155 адам келді.
2017 жылдың қаңтар-тамыз республиканың басқа облыстарынан 2636 адам, олардың үлесіне келу ағынының 23,8% тиеді.
2017 жылдың қаңтар-тамыз жақын шетел мемлекеттерінен 92 адам келген.
Өңірден көшу көбіне Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарына кетуге байланысты болды (5103 адам немесе кеткендердің жалпы көлемінің 45,7%-ы). 
Жақын шетелдерге 663 адам көшті (кеткендердің жалпы көлемінің (5,9%-ы).
Бұдан басқа, 5362 тұрғын Шығыс Қазақстан аумағы ішінде қоныс аударды.
2017 жылдың қаңтар-тамыз көші-қон алмасу нәтижесінде 100 адамға теріс сальдо қалыптасты (11055 адам келіп, 11155 адам – кетті).
 
 
Семей қаласының Статистика басқармасының 
басшысы Б.Мешелов