Басы » Акимат » Қоғам » «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы өтініш жолдау
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы өтініш жолдау
Автор: Акимат
06-11-2017 16:08
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы өтініш жолдау
Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап шығысқазақстандықтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы кез келген мемлекеттік органға өз өтініштерін (арыз-шағымдарын) жолдай алады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы әзірлеген «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасын жүзеге асыру барысында мүмкін болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ барлық филиалдарында электронды сандық қолтаңбаны пайдалана отырып мемлекеттік органдарға өтініштерді ресімдеп және жолдауға көмек көрсетуге дайын – дейді ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ШҚО бойынша басқармасы арнайы есепке алу бөлімінің аға прокуроры Эльвира Сулейменова. Егерде, өтініш иесінде ЭЦҚ болмаған жағдайда жеке құжатын көрсете отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірнеше минуттар ішінде оны  алуға болады.
- ХҚКО-ға Астана қаласында орналасқан мемлекеттік мекемеге өтінішімді жолдайын деп келдім. Мындағы мамандар маған тез ресімдеуге көмектесті және де жауаптың үш-бес күн ішінде келетіндігін хабарлады. Бұл дегеніңіз өте ыңғайлы, әрі 15 күн, әйтпесе 30 күн күтудің қажеті жоқ – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Гульмира Садвакасова.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры А.Х. Есембуловтың айтуынша аталған жоба тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу барысында туындайтын тосқауылдарды қысқартуға мүмкіндік береді де қызмет түріне қол жеткізу аясын  арттырып, азамат үшін қаржылық шығындарға жол бермейді екен. 
 
 
«Азаматтарға арналған үкімет»
коммерциялық емесакционерлік
қоғамының баспасөз қызметі