Басы » Акимат » Қоғам » Студенттер Үйіне саяхат жасау
Студенттер Үйіне саяхат жасау
Автор: Акимат
08-11-2017 12:21
Студенттер Үйіне саяхат жасау
Жалпыға мәлім «Көрінген таудың алыстығы жоқ» деген мәтелге сүйене отыра, Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейінің қызметкерлері  иек астында орналасқан  студенттер Үйіне барып, онда тұрып  жатқан жас адамдар өміріне «араласа кетуге» ұйғарды.  Енді,  жай ғана емес,  белгілі бір мақсатпен – студенттерді музейдің ерекше әлемімен таныстыруға. 
Музей қызметкерлері студенттер Үйінің фойесінде жас көрермендерге  әлемдік бейнелеу өнері қазынасынан әйелдер бейнелері  репродукцияларының көрмесін  паш етті. Студенттер музейдің тарихы туралы, қала  мәдениетінің  дамуындағы  Невзоровтар отбасының үлесі   туралы кішігірім дәріс тыңдады. Соңынан кездесуге қатысушылар өз қалаулары бойынша істі таңдап алды: студенттердің жартысы  әйелдер портретін бейнелеуге кірісті,  ал қалғаны   "Сымды грация" шығармашылық тренингке қатысты, жұмыс барысында,  олар таңқаларлық, әдемі балериналар мүсіндерін жасады. Белсенді қатысушыларға естелік ретінде  сувенирлер, буклеттер табыс етілді.
Кездесу соңында студенттер Үйінің басшылығы мен студенттер музей қызметкерлеріне өз алғыстарын және шығармашылық кездесулердің тұрақты болуын айтып жеткізді.
 
Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан
облыстық бейнелеу өнері мұражайы