Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » «Шульбинск кенті жастар Кеңесінің құрамын құру» тақырыбында жастар Кеңесінің отырысы өткізілді
«Шульбинск кенті жастар Кеңесінің құрамын құру» тақырыбында жастар Кеңесінің отырысы өткізілді
Автор: Акимат
10-11-2017 15:58
«Шульбинск кенті жастар Кеңесінің құрамын құру» тақырыбында жастар Кеңесінің отырысы өткізілді
2017 жылдың 7 қараша күні «ШҚО Семей қаласының Шульбинск кенті әкімінің аппараты» ММ Шульбинск кенті әкімі К. А. Байгужиновтың қатысуымен «Шульбинск кенті жастар Кеңесінің құрамын құру» тақырыбында жастар Кеңесінің отырысы өткізілді.
Жастар Кеңесінің отырысына кенттің барлық кәсіпорындары мен мекемелерінің өкілдері шақырылды. Жастар Кеңесінің отырысын кент әкімі ашып, жалпы ұлттық татулықты берік қылу үшін, бұқаралық мәдени, спорттық іс-шараларға, сонымен қатар әлеуметік маңызы бар мәселерді шешуге жастарды тарту үшін жастар Кеңесін құру маңызды және қажет екендігін атап өтті.
Делегаттар Кеңесті құру туралы шешімді қолдап, жастар Кеңесінің жұмысы туралы өз ойларымен бөлісті. Алиев Равиль : «Кенттің әртүрлі мәселелері бойынша, жастарды қатыстыру мәселесін қозғағаны, өте тамаша болды. Шульбинск – біздің ортақ үй» - деп айтты. Қатысушылар бірауыздан Кеңес құрамындағы өкілдерді бекіту туралы дауыс беріп және Кеңес «Ережесін» қабылдады.
Кеңес отырысының соңына қарай, кенттің әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша сауалнама толтыру ұсынылды.
 
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты