Басы » Акимат » Қоғам » «Ветеринарлық-санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
«Ветеринарлық-санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Автор: Акимат
13-11-2017 17:06
«Ветеринарлық-санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Ағымдағы жылғы 9 қарашада қала әкімдігінің мәжіліс залында Семей қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы әдеп жөніндегі уәкіл – әкім аппаратының басшысы Зәуреш Рамазанқызы Исабаеваның төрағалығымен «Ветеринарлық-санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған жиын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан  облысы бойынша департаментінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған іс-шаралар кешені аясында өтті.
Басқосуға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департамент өкілі, ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, ветеринария саласындағы бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар Семей өңіріндегі ауылдық округтердің әкімдері мен көршілес жатқан аудандардың ветеринар мамандары қатысты. Тақырыптың өзектілігін ескере отырып, көтерілген мәселелерді жан-жақты талдау мақсатында дөңгелек үстелге сала мамандарынан бөлек қаланың қоғамдық ұйымдарының өкілдері мен қалалық жастар мәлихатының жас депутаттары да қатысты. 
Жиында аталған салада парақорлықты болдырмау мақсатында қолға алынған кешенді іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар пысықталды. Дөңгелек үстел барысында өзекті  сұрақтар талқыланып, жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар жинақталды.
 
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі