Басы » Акимат » Хабарландыру » «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос және уақытша бос лауазымдарға ішкі конкурс жариялайды
«ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос және уақытша бос лауазымдарға ішкі конкурс жариялайды
Автор: Акимат
13-11-2017 18:02
13.11.2017 ж.
 

Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ, 071405. ШҚО, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, анықтама  үшін телефондар: 8(7222) 567134,  «электрондық мекенжай адрес: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос және уақытша бос лауазымдарға Семей қаласы бойынша жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері ішінде ішкі конкурс жариялайды:

1. «ШҚО Семей қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің басшысы, лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына қарай  142 412 теңгеден 192 382 теңгеге дейін, E-R-1санаты,1 бірлік. 

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық. Жер қатынастары саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізеді. Жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтарының актілердің орындалуын бақылайды.  Өңірдегі жер қатнастарын дамыту бойынша қалалық бағдарламалар мен жобаларды әзірлейді және іске асырады. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер телімдерін беру, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер телімдерін алу, жер телімдерін зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында пайдалану үшін рұқсат беру шешімдерін ұсынады және жобаларын әзірлейді. Жалға алу бойынша кадастрлық (бағалау) құнын, жалға алу бағаларының есептерін бекітеді. Қаланың жерлерін тиімді пайдалану бойынша жобалар мен сызбаларды әзірлеуді, жерлерді қорғау және пайдалану мәселелеріне қатысты қалалық бағдарламаларға, жобаларға, сызбаларға, сараптама жүргізудіұйымдастырады. Қала басшылығының тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары «Техникалық ғылымдар және технология» саласындағы мамандықтар (жылуэнергетика, электрэнергетика, құрылыс, транспорттық құрылыс, машинажасау, геодезия, картография) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, Экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Құқық» (құқықтану) немесе «Қызмет» саласындағы мамандықтар (жерге орналастыру, кадастр) білім.

Келесі құзыреттер болуы тиіс:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

2. Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жобалық құжаттарды келісу секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты,лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  96607 теңгеден 99938 теңгеге дейін, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі мезгіліне).

Функционалдық міндеттері:Мемлекеттік сәулет-құрылыс саясатын жүргізеді, сәулет және қала құрылысы аясындағы нормативтік және басшылық құжаттарды енгізеді.  Сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы және өзге жобалау-сметалық құжаттаманың қала аумағын қала құрылсымен игеру кезінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Қала әкімінің, жетекшілік ететін  қала әкімі орынбасарының,  бөлім басшылығының және жоғарғыда органдардың тапсырмалары мен шешімдерін уақытында, тиісті орындау үшін жеке жауапкершілік артылады. Жобалық құжаттарды келісу секторының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Бас жоспарды және мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүзеге асыру мәселеріне қатысады. «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметі туралы » Ережеде белгіленген міндеттер мен қызметтерді орындау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерімен заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізеді. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастыру және қадағалау. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысады. Өзінің функционалдық міндетін орындау үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар мен қажетті құжаттарға белгіленген тәртіппен сұрау салып алады. Сектордың жұмысы жөнінде ай сайын талдау жүргізеді. Сапа саласындағы саясатына сәйкес жұмыстарды жүргізеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары«Өнер» саласындағы мамандықтар (сәулет, дизайн) немесе «Техникалық ғылымдар немесе  технологиялар» (құрылыс,  транспорттық құрылыс) немесе «Қызмет» (кадастр, баға, жерорналастыру) білім.

Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жарым жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.*

3. Семей қаласының құрылыс бөлімінің әкімшілік қаржы секторының меңгерушісіE-R-3 санаты, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  96 607 теңгеден 99 938 теңгеге дейін, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі мезгіліне).

Функционалдық міндеттері:Сектор қызметіне жалпы басшылық ету. Тікелей басшыға, басшының орынбасарына бағынышты. Әкімшілік - қаржы секторының қызметкерлері үшін  қызметтік міндеттерін бөлген  кезде  ұсыныс  енгізеді. Бухгалтерлік есепті қамтамасыздандырып, материалдық және қаржылық ресурстардың рационалды, үнемді пайдалануын, меншіктің сақталуын  бақылайды. Төлемдік тәртіптің сақталуын бақылайды,   бухгалтерлік есепті және балансты, бөлім қызметіне қаржылық-экономикалық сараптама жасайды. Қаржыландыруға  тапсырысты жасайды. Қаржы салымы  мен бюджеттік бағдарлама жасайды. Қаржының уақытты және мақсатты игерілуіне бақылау жасайды. Қаржыландыру жоспарына өзгерістер  енгізеді  және бақылау жасайды. Ай  сайын бюджеттік топтастыру  кодттары  бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар  туралы есеп жасайды. Түскен қатынас қағаздарын қарастырып, өз құзыреті шегінде бөлім қызметкерлеріне тапсырма береді. Уақытында статистикалық және басқа да есеп берулерді тапсыруды қадағалайды. Мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындысы нәтижелері бойынша шарттардың жобасын келіседі. Қазақстан Республикасының  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына  сәйкес   азаматтардың сұрауларына,  хаттарға уақтылы және дәлелді жауап беру жұмыстарын ұйымдастырады. Жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Бөлім басшылардың берген тапсырмасын орындау үшін жеке жауапты болады.Сектор меңгерушілердіңжоқ болған уақытына  оның міндеттерін атқарады

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, Экономика және бизнес» салаларындағы мамандықтар (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) білім.

Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жарым жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.*

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

 2) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

 

 3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау, балық шаруашылығы саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидасының  2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінеқұжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы sh.edilbaeva@akimvko.gov.kzэлектрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы  құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе  «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы  берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішіндешағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешiмiмен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешiмiне шағымды ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 4 мекенжайы бойынша беруге болады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: 3 жұмыс күні,ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның Интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі:Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап  3 жұмыс күн ішінде«ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Әңгімелесу өткізудің орны:«Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ШҚО Семей қаласы, Қаймы Мұхамедханов көшесі 8.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Анықтама телефондары: 8(7222) 52-36-35, 56-71-34, e-mail: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz

Хабарландыруға қосымша