Басы » Акимат » Мәдениет » Ұлттық теңге – бедерлі жылдар белестері
Ұлттық теңге – бедерлі жылдар белестері
Автор: Акимат
14-11-2017 16:45
Ұлттық теңге – бедерлі жылдар белестері
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Р. Байсейтов атындағы Қаржы және экономика колледжі студенттерінің қатысуымен «Ұлттық теңге – бедерлі жылдар белестері»  атты экономика сабағы өтті. 
Шара басында кітапханашы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты – ұлттық валюта болып табылатынын, халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше  екенін атап өтті. 
Бұдан әрі студенттер ұлттық валютаның шығу тарихымен танысып, теңгенің  алғашқы нұсқасы Англияда шыққаны туралы ақпараттардан құлағдар болды. Сонымен қатар, теңгенің айналымға енуі, оның дизайны, теңгеде тұлғалардың бейнелерін кескіндеуге зор үлес қосқан, дизайнерші Тимур Сүлейменов,  сурет-шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов, Мендібай  Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлестері туралы мағлұматтар алды. Кітапханашы бар ақпараттарды слайд тұсаукесерінің көрсетілімімен қатар жүргізіп отырды.
Шараның жалғасында сөз кезегін алған Семей қаласындағы Сбербанктің заңды тұлғаларға қызмет көрсету секторының басшысы Э.А.Габбасов төл теңге тәуелсіздік жылнамасындағы ең елеулі оқиғалардың бірі екендігіне тоқтала келе, қазіргі таңда халыққа қызмет етіп жүрген банктердің атқаратын жұмыстары туралы  жан-жақты баяндап, жастарға қазіргі кезде ақша шақыру, тарту деген ұғымдарға қарамай, еңбекпен, біліммен тапқан ақшаның құндылығы жоғары болатынын баса айтты. 
Экономика сабағы сұрақ-жауап ойынымен жалғасты. 
Соңында «Қазақстанның ұлттық валютасы - Теңге» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
Қалалық орталық кітапхана