Басы » Акимат » ТКШ, сәулет және құрылыс » Құрылыс 2017 жылғы қаңтар-қазанда
Құрылыс 2017 жылғы қаңтар-қазанда
Автор: Акимат
23-11-2017 15:01
Құрылыс 2017 жылғы қаңтар-қазанда
Құрылыс қызметі. 2017 жылғы қаңтар-қазанында құрылыс жұмыстарының (қызметтер) көлемі қосымша бағалауды есепке алғанда 18230,4 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың қаңтар-қазанындағы деңгейден 9,9%-ға аз. 
Мердiгерлiк жұмыстардың құрылымында 72,0% – құрылыс-монтаж жұмыстары, 13,0% – күрделі жөндеу.
Объектілер мен қуаттарды іске қосу. 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында қалада тұрғызылған тұрғын үйлердің жалпы аумағы 53152 ш. метрді құрады.
Тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй құрылысына 4457,6 млн. теңгенің инвестициясы жұмсалды, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 77,7% құрады.
Жылдың басынан 53152 ш. метрлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді салу мемлекеттік және мемлекеттік емес секторының субъектілерімен (жеке құрылыс салушылармен) жүргізілді. 
 
Семей қаласының статистика басқармасы