Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында жаппай диктант жазу іс шарасы өтті
Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында жаппай диктант жазу іс шарасы өтті
Автор: Акимат
28-11-2017 16:35
Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында  жаппай диктант жазу іс шарасы өтті
«Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен 2017 жылдың 28  қарашасында  «Әдемі сөйле, сауатты жаз!» өңірлік акциясы  аясында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында  жаппай диктант жазу іс шарасы өтті. 
Іс шара  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің  кеңсе тіліне  айналуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.  Іс шараны Шығыс  Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы бөлімінің басшысы С. С.Қалиғазина ашып, шараға қатысып отырған бөлімдердің  басшыларына алғыс білдірді. 
«Ұлттық үлгі –рухани жаңғыру  кепілі» тақырыбындағы диктант мәтіні 196 сөзден тұрады. Диктант жазу шарасына жоспарланған 114 адамның 100-і қатысты. Диктант мәтінін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің филология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Тлебалдина Нұргүл Қазанбайқызы  оқыды. 
Диктанттың нәтижесі КАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағаланады және  қорытындысы Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы лингвистикалық орталыққа жіберіледі.
 
Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы