Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
Автор: Акимат
30-11-2017 14:32
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
2017 жылдың 29 қарашасында Шульбинск кентінің орта мектебінің акт залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. 
Залда жиналғандардың, атап айтқанда кент ұйымдар мен мекеме өкілдерінің, кәсіпкерлердің, еңбек ардагерлері мен оқушы жастардың алдында Шульбинск кентінің әкімі – Кенжебек Байгужинов құттықтау сөз сөйледі. 
Қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы арманын iске асырып, тәуелсiз мемлекет құрып, бүгінде бүкiл елдi бiр тудың астында бiрiктiрген Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі ел басқарудағы елеулі жетістіктері әрбір қазақстандықтың лайықты мақтанышына айналғандығын атап айтты..
«Ежелден ел аузында «Жүз жылда немесе мың жылда ел басқаратын ерекше дарынды бір тұлға өмірге келеді» деген сөз бар. Міне, қазақ халқы үшін осындай ерен басшы Нұрсұлтан Назарбаев деп айта аламыз. Елбасымыздың саясаты алда да бізді талай биікке шығарары анық» - деп кент тұрғындарын шын жүректен құттықтады. 
Аталған іс-шарада қазан айында 8 спорт түрі бойынша 14 ауылдық округтердің арасында өткен «Алаш Орда қозғалысының 100-жылдығына арналған спартакиадаға қатысқан кент спортшыларын марапаттау жағымды жағдай болды.  
Қазылар алқасы Шульбинск құрама командасының көпшілігін атап өтті. Волейбол бойынша бірінші орын алған әйелдер командасы Кент мақтанышына айналды. Жеңіске мол үлесін қосқан мектеп-кешенінің дене шынықтыру ұстазы Дархан Исмурзинді ерекше атап өту керек. Және спортты қалай құрметтеу керектігін көпбалалы ана Айнур Мамытова мен зейнеткер Есімхан Жалғаспаев (77 жас) өздерінің белсенді қатысуымен көрсетті. 
Алдыда жаңа жетістіктер мен жеңістер! Мерекелеріңізбен!
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты