Басы » Акимат » Қоғам » Электрондық үкімет порталы арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді алу
Электрондық үкімет порталы арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді алу
Автор: Акимат
30-11-2017 16:30
Электрондық үкімет порталы арқылы электронды мемлекеттік  қызметтерді алу
2017 жылдың 29 қарашасында электрондық үкімет порталы арқылы ЭЦҚ -ны алу және электронды мемлекеттік  қызметтер сұрақтары бойынша әкімшілік отырыс залында семинар өткізілді. Семинарға 80-нен аса қызметкерлер қатысты. 
Семинардың мақсаты-электрондық үкімет порталы арқылы цифрлық қолтаңбалар мен электрондық қызметтерді алу мүмкіндігін түсіндіру.
Семинарға ХҚКО бас HR-менеджері Таттыбаева Ажар Нурлыканова  қатысты. Ол электронды мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу тәсілін түсіндірді. Консультативтік - диагностикалық орталық қызметшісі Лопатина Юлия Владимировна денсаулық сақтау салалары бойынша қызметтерді электронды түрде алуды түсіндірді. 
 
Қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және
мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі