Басы » Акимат » Мәдениет » Елбасы мерейі – ел мерейі: ақпараттық сағат
Елбасы мерейі – ел мерейі: ақпараттық сағат
Автор: Акимат
05-12-2017 11:59
Елбасы мерейі – ел мерейі: ақпараттық сағат
2017 жылдың 30 қарашасында Абай атындағы кітапхана  қызметкерлері қаламыздағы №44793 әскери байланыс   бөліміне барып, «Елбасы мерейі – ел мерейі» атты ақпараттық сағат өткізді.
Тұнғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған шарада Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі Елбасымыздың мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесі жайлы қысқаша айтылды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы өзекті мәселе латын графикасына көшу барысындағы істеліп жатқан істер мен кітапханамыздың сирек қорында сақталған латын қарпінде ХХ ғасырдың басында шыққан әдебиеттер жайлы мәлімет берілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын, саяси, ғылыми және публицистикалық шығармаларын талдауға негізделген бұл ақпараттық сағаттың оқырман үшін дамытушылық, білім берушілік, тәрбиелік маңызы өте зор.
Сондай-ақ, қатысушылар назарына «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шара Тұңғыш Президент күніне арналған деректі фильм көрсетілімімен қортындыланды.
 
 
Абай атындағы кітапхана