Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Тұңғыш Президент күніне арналған ашық есік күнінің өткізілуі туралы ақпарат (1 желтоқсан)
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық есік күнінің өткізілуі туралы ақпарат (1 желтоқсан)
Автор: Акимат
05-12-2017 12:40
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық есік күнінің өткізілуі туралы ақпарат (1 желтоқсан)
«№ 6 аралас типті емхана» ММ
29.11.2017 жылы – Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған ашық есік күні өткізілді. Барлық қалаушыларға зертханалық-жабдықтық зерттеулер және сала мамандары, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің қабылдаулары жүргізілді. 
Іс-шара «ТВК-6» телеарнасында «Шарайна» бағдарламасында жарияланды. Емхана бас дәрігері А. Каметова сұхбатта Ашық есік күні ұсынылатын қызметтер, емхана жұмысы туралы айтып, халықты «Тұңғыш Президент күні» мерекесімен құттықтады. 
 
Приречный ауылы ДА КМҚК   
29 қараша 2017 жыл -  Тұңғыш Президент күніне Ашық есік күні – мүгедек зейнеткерлер мен балаларды медициналық тексеру өткізілді.
Пациенттерге зертханалық-жабдықтық тексерулер кешені: клиникалық және биохимиялық қан талдауы, несеп талдауы, қалқанша без, құрсақ қуысы және бүйрек УЗИ, ЭКГ, флюорография, маммография, рентгенография жүргізілді.  
Пациенттердің терапевт, кардиолог, невролог, офтальмолог, оториноларинголог, эндокринолог, хирург, уролог дәрігер-мамандарға қаралу, сондай-ақ гинеколог, гастроэнтеролог, пульмонолог, ревматолог дәрігер-мамандардан қосымша кеңестер алу мүмкіндігі болды.  
Сауықтандыру-алдын алу іс-шаралары барысында салауатты өмір салты туралы білімдеріне және күйзеліске түскен-түспегендеріне сауалнама жүргізіліп, қан қысымы өлшенді, дене салмағы анықталды.  
Ашық есік күніне қатысқан тұрғындар Приречный ауылы ДА КМҚК әкімшілігі, дәрігер-мамандарды, қызмет көрсетуші құрамына ауызша да, пікірлер мен ұсыныстар кітабына жазып та алғыс сөздерін жеткізіп жатты.   
 
«АМТЖГ» ЖШСФ – «Семей темір жол ауруханасы» 
29.11.2017 жылы Тыңғыш Президент күнін тойлау қарсаңында дәрігерлердің басшылығымен «Ашық есік күні» өткізілді.   
Барлығы – 125 адам қаралды, соның ішінде бейінді мамандармен – 55. 
Барлығы – 31 диагностикалық, 20 – зертханалық, 15 – ЭКГ, 4 - рентгенологиялық зерттеулер жүргізілді.  
Дәрігерлер дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану, емханаға кемінде жылына бір рет келіп қаралу туралы айтты. 
Бұдан өзге пациенттерге сырқаттардың алдын алу және дұрыс тамақтану ережелері туралы аудио-видеоролик көрсетілді. Пациенттердің қан қысымын өлшеу, қандағы холестерин мен қантқа биохимиялық талдау жасалды.  
Науқанды өткізгендер: алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем дәрігерлері, сала мамандары.
 
«Семей қ. № 1 емханасы» ШЖҚ КМК 
2017 жылдың 23 қарашасында «Ашық есік күні» науқаны өткізілді. 
Астана қ. «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» мамандары: балалар кардиохирургі - Канжигалин Данияр Маратович және балалар кардиологі - Ахмолдаева Асия Акылбековна кардиохирургиялық ота жүргізілуі қажет ТБЖК диагнозымен Семей қ. балаларын тегін консультативтік қарау өткізді. Тексеру қажеттеріне ЭХО ЭКГ жасалды. 
Барлығы 93 адам қаралды, 6 адамға толық тексеру жасалды, 1 адам отаға жолданды. 
Олардың: 36 адамы кардиологпен кеңесті, 3 адамға толық тексеру жүргізілді.
57 адам кардиохирургпен кеңесті, 3 адамға толық тексеру жасалып, 1 адам отаға жолданды. 
№ 1 емхана қызметкерлері ата-аналарымен әңгімелесу өткізді.
 
«№ 3 консультативтік-диагностикалық емхана» Мекемесі
29.11.2017 жылы – Тыңғыш Президент күнін тойлауға байланысты Ашық есік күні өткізілді. 
Кардиолог, кардиоревматолог, хирург, окулист, невропатолог, отоларинголог, онколог, гинеколог, психолог, жалпы тәжірибе дәрігерімен тексеру жүргізілді, әйелдерді қарау бөлмесінде, ерлерді қарау бөлмесінде тексеру өткізілді. Барлығы 242 адам қаралды. 
Қан/несеп жалпы клиникалық талдауы – 40 адам, биохимиялық қан талдауы – 6 адам, ішкі ағзалар мен жүйелер УЗИ – 8 адам, ФГДС – 4 адам, ОГК флюорографиясы – 16 адам, рентгенография – 6 адам, ЭКГ – 12 адам.
 
№ 11 ЖДА «Вита» ММ
29.11.2017 жылы – Тыңғыш Президент күніне орай ашық есік күні өткізілді: 150 адам тексеруден өтті.
ЭКГ – 60 адам; физио емдеу – 40 адам; қарау бөлмесі – 30 адам; ҚҚ, бойын, салмағын өлшеу – 70 адам; зертханалық тексерулер өткізу – 60 адам; 10 адам психолог кеңесін алды.  
 
ШҚО ДСБ «Семей қ. № 4 емханасы» ШЖҚ КМК
Ашық есік күнін өткізу (2017 ж. 29 қарашада) аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
- 90 адам бейінді мамандармен (педиатр, лор, кардиолог, невропатолог, хирург, гинеколог) қаралды,
- 286 адам жалпы тәжірибе дәрігерлерімен қаралды.
Қаралғандар санынан көрсеткіштер бойынша келесі зертханалық-жабдықтық тексеру жасалды:  ЭКГ – 20 адам, кіші несеп жолдары УЗИ – 3 адам, кеуде қуысы ағзаларын рентгенологиялық тексеру – 5 адам, гаймор қуысын – 2 адам, бел омыртқа ауданы – 1 адам.   
Ашық есік күнін өткізу аясында барлығы 376 адам қаралды. 
 
ШҚО ДСБ «Семей қ. № 2 емханасы» ШЖҚ КМК.
29.11.2017 жылы – іс-әрекет факторлары қаупінің алдын алу және салауатты өмір салты аспектілерінің мәселесі бойынша халықтың ақпарат алуын арттыру мақсатында Ашық есік күні өткізілді.
Бейінді және салалы мамандармен қабылдау және кеңес беру, қан қысымын, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін, ДСИ есебімен дене өлшемдерін анықтау ұйымдастырылды. Алғашқы қарауға  емханаға 52 адам келді. Күндізгі стационар науқастарына дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану аспектілері тақырыбында іс-әрекет факторлары қаупінің мектебінде сабақ өткізілді. 18 адам қатысты.  
 
 
Салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелері
орталығының директоры
З. Мусинова