Басы » Акимат » Мәдениет » Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткізілген мәдени іс-шара туралы АҚПАРАТ
Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткізілген мәдени іс-шара туралы АҚПАРАТ
Автор: Акимат
05-12-2017 16:44
Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  өткізілген мәдени іс-шара туралы АҚПАРАТ
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Алаш партиясының шығармашылық мұрасын зерттеу, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай,  Бизнес колледжі 1 курс студенттерінің қатысуымен «Алаш рухы» атты тарих шамшырағы өтті. 
Кітапханашы кіріспе сөзінде қоғамның тарихи санасын жаңғыртуда  жасалып жатқан мақсатты жұмыстарды тілге тиек етті. Тек өз еліңнің және халқыңның тарихын білу арқылы өткен ғасырдың соңында қол жеткізген тәуелсіздіктің ерекше құнды екендігін түсінуге болатындығын алға тартты. 
Шара барысында студенттер  ұлттық мемлекеттің қалыптасуына ат салысқан, «Алаш» қозғалысының  қызметі, идеялары мен бағдарламалары туралы кең көлемде ақпараттар алды. Кітапханашы Алаштың зиялы өкілдері Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, Т.Рысқұлов және т.б. ұлт көшбасшыларына  ерекше тоқталып, тыңдаушыларын көп дүниелерге қанық етті. 
Қатысушылардың назарларына «Алаш Орда» атты бейнеролик және «Алаш қозғалысына – 100 жыл» атты слайд-тұсаукесері ұсынылды. 
Шараның жалғасында студенттер  бүгінгі таңда баршамызға  өте қажет Отанға және халқымызға деген адал ниеттілік, еңбек пен білімді құрметтеу, борышқа адалдық т.б. мәңгілік құндылықтарымызды жан-тәнімен қастерлеп өткен «Алаш» көшбасшылары туралы өздерінің көкейлеріндегі ой-пікірлерін ортаға салды.
Соңында «Азаттықты аңсаған Алаш» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана