Басы » Акимат » Мәдениет » «Алаш» электрондық кітапханасы: тұсаукесер
«Алаш» электрондық кітапханасы: тұсаукесер
Автор: Акимат
06-12-2017 17:11
«Алаш» электрондық кітапханасы: тұсаукесер
6 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада №22 орта мектептің 10 – шы сынып оқушылары үшін Алашорда үкіметінің және Алаш партиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алаш» http://alash.semeylib.kz электронды кітапханасының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Кітапхана қызметкерлері Алаш ардақтыларының ел мүддесі, тәуелсіздік, ұлт мұраты жолындағы қайраткерлік еңбектері жайында баяндай отырып, электронды кітапхана бөлімдеріне кеңінен тоқталды. Алаш қайраткерлерінің барлық мұралары мен олардың шығармашылығы туралы басылымдарды, құнды құжаттарды қалай іздеп табуға болатыны айтылып, басылымдарды іздеу жолдары көрсетілді.
Кітапхана қорындағы Алаш қайраткерлерінің сирек басылымдар қорындағы еңбектері көрсетіліп, алаш зиялылары Ә. Ермеков, А. Маметов, Т. Шонановтың латын әліпбиі негізінде жазылған кітаптары оқушылар қызығушылығын тудырды. 
 
 
Абай атындағы кітапхана