Басы » Акимат » Қоғам » Рейд жүргізілді
Рейд жүргізілді
Автор: Акимат
09-01-2018 16:38
Рейд жүргізілді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексінің 159 бабына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынады.
Ағымдағы жылғы 4-9 қаңтар күндері Семей қаласы атқарушы органдарының барлық ғимараттарында заңнаманың аталмыш нормасының бұзылуын алдын-алу мақсатында рейд жүргізілді. 
Рейд барысында Семей қаласының жер қатынастар бөлімінің сектор меңгерушісі Дүйсенгулов М. Д., Жиеналы ауылдық округінің жетекші маманы Ахметов Н. М., және білім бөлімінің бухгалтері Тусупбеков А. Ж. темекі бұйымдарын мемлекеттік орган ғимаратында тұтыну үстінде анықталды. Аталған мамандарға қатысты тәртіптік жаза қолданылатын болады. 
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, сонымен қатар, қолданыстағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойып отырғандықтан, бұл бағытта жұмыстар жалғасын таппақ.  
 
 
Семей қаласы әкімінің аппараты