Басы » Акимат » Мәдениет » «Келді жылым, шуақ боп» тақырыбында әлеуметтік орталықтың қарамағындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қайырымдылық концерті
«Келді жылым, шуақ боп» тақырыбында әлеуметтік орталықтың қарамағындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қайырымдылық концерті
Автор: Акимат
12-01-2018 09:08
«Келді жылым, шуақ боп» тақырыбында әлеуметтік орталықтың қарамағындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған  қайырымдылық концерті

Орталық мәдениет және демалыс саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, орталық кітапхана жүйесімен бірлесіп, 2018 жылдың 11 қаңтар күні сағат 15.00-де жоспарға сай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарамағындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Келді жылым, шуақ боп» тақырыбында қайырымдылық концерті өткізілді. Бүгінгі концерттің мақсаты: мейірім күтетін жандардың  жүректеріне жылылық, қуаныш ұялатып, қол ұшымызды созып, өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, мерекелік көңіл күй сыйлау. Концерт соңында аталған мекеме қызметкерлері мен қарамағындағы адамдар риза болып, әртістерге өздерінің  жүрек  жарды алғыстарын шын көңілмен білдірді.

 

КМҚК  «Семей қаласының Орталық мәдениет және демалыс  саябағы» әкімшілігі