Басы » Акимат » Әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыспен қамту » «Анаға сыйлық» тақырыбында шеберлік- классы өтізілді
«Анаға сыйлық» тақырыбында шеберлік- классы өтізілді
Автор: Акимат
12-01-2018 17:34
«Анаға сыйлық» тақырыбында шеберлік- классы өтізілді
2018 жылдың 12 қаңтарында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- нің күндізгі бөлімшесінде «Анаға сыйлық» тақырыбында тәрбиеші Шаймарданова Р.Н. ұжымдағы әріптестеріне шебер- классын өткізді.
Шебер- класс барысында мамандар әртүрлі қағаз түрлерінен және жасанды, декоративті заттардан ашық хат түрлерін жасап үйренді. Ол әріптестеріне ашық хат жасау жүйесін түсіндіріп, бағыт- бағдар беріп отырды.
Мұндағы мақсат мүмкіндігі шектеулі балалардың өз қолынан сыйлықтар жасай білу дағдысын қалыптастыру; Әртүрлі декоративті және табиғи заттарды қолдану арқылы олардың қол моторикасын дамыту; яғни балаларға жасатпас бұрын, тәжірибе алмаса отырып, жасап үйрену.
Шебер- классы мамандардың көңілінен шықты.
 
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту және
 әлеуметтік бағдарламалар бөлімі