Басы » Акимат » Мәдениет » Қаржы-экономикалық колледжі студенттерімен «Терроризм – қоғамға қауіп» атты ақпарат сағаты өткізілді
Қаржы-экономикалық колледжі студенттерімен «Терроризм – қоғамға қауіп» атты ақпарат сағаты өткізілді
Автор: Акимат
12-01-2018 18:00
Қаржы-экономикалық колледжі  студенттерімен  «Терроризм – қоғамға  қауіп»  атты ақпарат  сағаты  өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері жастардың терроризм туралы түсініктерін тереңдету, себеп-салдарын ұғындыру, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық сана мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында Қаржы-экономикалық колледжі  студенттерімен  «Терроризм – қоғамға  қауіп»  атты ақпарат  сағатын  өткізді. Іс шараға Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры  Мирас Қайратұлы Еспаев қатысты.
Шара барысында кітапхана қызметкері дін адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды бөлшегінің бірі екенін атап өтті. Қазіргі заманғы діни ахуал мен экстремистік және террористік идеологияның таралу процесі қазақстандықтардың басты назарында екенін жеткізді. Осыған байланысты жастарға, діни-саяси экстремистік ұйымдардың ықпалына кетпей, табандылық, төзімділік танытудың өзекті болып табылатынын естеріне салды.
Сөз кезегін алған М.Қ.Еспаев адамзатпен бірге ХХІ ғасырға аяқ басқан діни экстремизм мен терроризм бүкіл әлемде өзінің ең қауіпті көріністерімен белең алып отырған мәселе екендігі туралы айтып өтті. «Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап халықаралық терроризммен күреске белсенді қатысушылардың бірі болып қана қоймай, лаңкестікке қарсы іс-қимылдардың бастамашысы болды», - деп атап өтті. Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың маңызды құрамдас бөлігі - топтар мен ұйымдардың пайда болу ошақтары, күштеу сипатындағы іс-қимылдар, сондай-ақ, оларды қолдап әрі қаржыландыратын құрылымдарға қарсы күрес болып табылатындығы айтылды. 
Шара барысында студенттер өз ой-пікірлерін айтып, тақырып бойынша сұрақтар қойды. 
Соңында  «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.                                                                                                        
 
  Қалалық орталық кітапхана