Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Сақ болыңыз, аяз!
Сақ болыңыз, аяз!
Автор: Акимат
24-01-2018 10:20
Сақ болыңыз, аяз!
Бізге нағыз қыс келді, отыз және одан төмен градустық аяздарсыз болмады. Өкінішке орай, осындай жағдайларда көп адамдар салқындауға және үсікке шалдығып қалады, бұның денсаулық үшін аса күрделі салдары болу мүмкін. 
Үсік деген не?
Үсік деп төмен температуралардың әсерінен дененің бір бөлігінің зақымдануын (тіпті жансыздануға дейін) түсінеміз. Суықтың әсерінен тіндерде сипаттары температураның төмендеуінің деңгейіне және ұзақтығына байланысты болатын күрделі өзгерістер орын алады. 
Үсіктің және жалпы салқындаудың белгілері:
-  тері қуқыл-көгерген;
- температуралық, түйсіну және ауырғанға сезімталдық жоқ болады немесе кенет төмендеп кеткен;
- жылындырған кезде қатты ауырсыну пайда болады, жұмсақ тіндердің қызарып кетуі және ісінуі болады;
- терең зақымданғанда 12-24 сағ. аралығында ішіндегісі қанды болатын қабыршықтар пайда болу мүмкін;
- жалпы салқындағанда адам енжар, қоршағанға елеңсіз болады, оның терісі бозарған, суық, тамырының соғуы жиі, артериялық қысымы төмендеген, денесінің температурасы 36 градустан төмен болады.
Үсіген кездегі алғашқы көмек
Ең алдымен зардап шеккен адамды жылы үй-жайда жылыту қажет. Дененің жарақаттанған бөліктерін біртіндеп, баяу, көбінесе асықпай жылыту қажет. Дененің бөліктерін қолмен, маталармен, спиртпен және оған қоса қармен уқалауға болмайды! Зардап шеккенге көбірек жылы сусындар беріледі- мысалы, тәтті шай.
Салқындаудың және үсіктердің алдын алу
Сіздерге қатты аяздарда салқындаудан және үсіктерден сақтануға мүмкіндік беретін бірнеше ереже бар:
Спирттік ішімдіктер ішпеңіздер- алкогольдік масаю жылудың көп жоғалуына апарады.
Аязда шылым шекпеңіздер - шылым шегу қанның перифериялық айналымын төмендетеді, осылайша аяқ пен қолдарды әлсіздендіреді.
Кеңдеу киім киіңіздер - бұл қанның дұрыс айналуына жол береді. 
Тар аяқ киім, ұлтарақтың болмауы, дымқыл кір шұлық қажалу мен үсіктердің пайда болуының алғышартына айналу мүмкін.
Аязға қолғапсыз, бас киімсіз және мойынорағышсыз шықпаңыздар. 
Серуендеп жүріп салқындағаныңызды немесе аяқ пен қолдарыңыздың тоңғанын сезсеңіз, мүмкіндігінше жылдамырақ кез келген жылы орынға- дүкенге, дәмханаға, кіреберіске- жылыну және үсікке осал жерлерді тексеріп алу үшін кірген дұрыс.
Қатты аязда аса қажеттіліксіз үйден шықпауға тырысыңыздар.
 
 
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»