Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні
Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні
Автор: Акимат
03-02-2018 10:18
Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтаудың даму «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының өңірлерінде 2018 жылғы қаңтардың 1-нен 10-на дейін «Обырсыз өмір!» ұранымен Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күніне орайластырылған он күндік өткізіледі.   
Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні Қатерлі ісікке қарсы халықаралық одақтың бастамасы бойынша жыл сайын 4-ші ақпанда өткізіледі. Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні және он күндік қатерлі ісік жайында, оның алдын алу және ерте анықтаудың маңыздылығы туралы хабардар болушылықты жоғарлатуға қатысты бірлескен жігерді біріктіруге, сырқат туралы қате түсініктерден арылуға мүмкіндік береді. 
«Обырсыз өмір!» Ұлттық бағдарламаның негізгі мақсаты болып заманауи адамның жеке денсаулығын сақтау және мекендеу ортасындағы өмір сүруінің сапасын жоғарлату, қоғамның назарын қатерлі ісіктер патологиясының ауыртпалығын төмендетудің жаһандық мәселесіне аудару, республиканың халығының, медициналық қызметкерлердің қатерлі ісік сырқаттарының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша мәлім болуларын жоғарлату, халықты скринингтік зерттеулерден уақтылы өтудің қажеттілігі жайында хабарландыру табылады.
Семей өңірінде қатерлі ісік өскіндеріне шалдығу жоғары деңгейде қалып түр. Жыл сайын 1500-1600-ден астам аурулар тіркеледі. Осы мәселенің өзектілігі сырқаттың мамандырылған емдеудің тиімділігі төмен болатын соңғы кезеңдерде жүгінулер болып табылады.  
Қатерлі ісікке шалдығудың 40%-на дейінгі жағдайларын салауатты өмір салтының арқасында, шылым түтіні сияқты белгілі канцерогендерден аулақ болу, кәсіби зиянды әсерлерді бақылау, күн астында болу уақытын қысқарту, сонымен қатар қатерлі ісікті тудыру мүмкін, В гепатиті және адамның папиллома вирусы сияқты, жұқпаларға қарсы иммундау жолымен бетін қайтаруға болады. 
Қазіргі кезде онкологияда табысқа жетуге, әсіресе сырқаттың ерте кезеңдерінде, мүмкіндік беретін емдеудің мамандырылған әдістері бар. Қатерлі ісікті ерте анықтау өлім-жітімді төмендетудің маңызды факторы болып табылады. Скринингтік зерттеулерден уақтылы өту жолымен онкологиялық ауруларды ерте анықтау айтарлықтай маңызды болады. 
Ақпараттық науқанның шегінде сенбі күні, 2018 жылғы 3 ақпанда Семей қ. Өңірлік онкологиялық диспансерінде ашық есік күні өткізіледі. 
 
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын 
қалыптастыру проблемалары орталығы»