Басы » Акимат » Спорт » Шайбалы хоккейден екінші аймақтық турнир
Шайбалы хоккейден екінші аймақтық турнир
Автор: Акимат
06-02-2018 16:00
Шайбалы хоккейден екінші аймақтық турнир
2018 жылғы 4 ақпанда «ШҚО Семей қаласының Шульбинск кенті әкімінің аппараты» ММ Астананың 20-жылдығына арналған Шульбинск кентінің хоккей кортында шайбалы хоккейден екінші аймақтық турнир өткізілді. 
Оған Озерка, Зенковка, Пролетарка, Богратиона, Ново-Баженово және Шульбинск кентінің командалары қатысты. Ойын басталмас бұрын Шульбинск кентінің әкімі Байгужинов Кенжебай барлық ойыншыларға жеңіске жетуіне тілек білдірді.  
Жарыс барысында командалар өздерінің дайындықтарын, ойынның жинақтылығын, команданың ынтымақтығын көрсетіп, риза жанкүйерлердің көңілінен шықты. Турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленген командалар Шульбинск кентінің әкімі К. А. Байгужиновтың грамоталарымен марапатталды. Ойын нәтижесі бойынша Озерки ауылының командасы ІІІ орынды, Пролетарка командасы ІІ орынды иеленсе, Зенковка ауылының командасы І орынды иеленіп, жеңімпаз атанып, Кубокпен марапатталды.
Көрермендер мен жанкүйерлер өткізілген ойыннан үлкен жағымды әсерлер алды.    
 
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты