Басы » Акимат » Спорт » Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің – Елбасының тестілері
Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің – Елбасының тестілері
Автор: Акимат
09-02-2018 16:04
Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің – Елбасының тестілері
2018 жылдың 09 ақпанында Шульбинск кентінің орталық алаңында кенттің ересек тұғындары арасында «Тұңғыш Президент» тест сынақтарын қабылдау өткізілді.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындары мен мекеме қызметкерлері тест сынақтарын қабылдауда белсенді ат салысты. 
Өрт бөлімшесінің қызметкерлері арақашықтан бірінші өтіп, өте жақсы нәтиже көрсетті. Облыстық психиатрлық аурухананың қызметкерлері де жақсы нәтижемен шығып, өздерінің ұйымдастырушылығын, жауапкершілігін көрсетті.   
Сонымен қатар, кент әкімі Байгужинов Кенжебек қатысып, президенттік деңгейін орындап шықты.
Кенттің ересек тұғындары арасынан барлығы 116 адам қатысты, оның ішінен президенттік деңгейді 23 адам, ұлттық дайындық деңгейін 15 адам орындады, ал 78 адам деңгей орындаған жоқ. 
 
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты