Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Кетле индексі
Кетле индексі
Автор: Акимат
13-02-2018 11:13
Кетле индексі
Артық салмақ және семіздік деген не?
 
Семіру- май тіндердің шамадан тыс жинақталуынан дененің салмағының жоғарлауы.
 
Артық салмақты және семіруді не тудырады?
 
Семірудің және артық салмақтың негізгі себебі- рационның құндылығы ағзаның энергетикалық қажеттіліктерінен артып кететін энергетикалық үйлесімсіздік. Бүкіл әлемде келесі беталыстар байқалады:
- құрамында жоғары энергетикалық тығыздығы және көп майы бар өнімдерді пайдаланудың жоғарлауы;
- көптеген қызметтердің түрлерінің көп отырып жұмыс істейтін сипаттарымен, қозғалыстың тәсілдерінің өзгеруімен және өскен кенттенуге байланысты дене белсенділігінің төмендеуі.
 
Дене салмағының индексі дегеніміз не?
 
Дене салмағының индексі (ДСИ)- ересек адамдарда семіруді және артық салмақтарын диагностикалау үшін пайдаланатын дене салмағының бойға деген қарапайым қатынасы.
 
Дене салмағының индексі қалай есептеледі?
 
Дене салмағының индексі килограмммен көрсетілген дене салмағының метрмен көрсетілген бойдың квадратқа дәрежеленуін қатынасы ретінде есептеледі (кг/м2).
ДСИ (кг/м2) = Салмақ (кг): Бой (м2)
Мысалы: Сіздің салмағыңыз 70 кг, бойыңыз 1,60 м.
ДСИ = 70:1,6*1,6 = 27,3.
Денсаулық үшін артық салмақтың және семірудің ең таралған салдары қандай?
Дененің артық салмағы/семіздігі қауіптің негізгі әсерлерінің біреуі болып табылады: 
•жүрек-қан тамырлар аурулардың (ең алдымен, жүректің ауруларының және инсульттің);
•диабеттің;
•қимыл-тірек жүйенің бұзылуларының;
•қатерлі ісіктердің (сүт безінің, аналық бездің, қуықалды безінің, бүйен ішектің және т.б. қатерлі ісіктері)
 
Артық салмақты/семіздікті қалай азайтуға болады?
 
•Өзіңіздің рационыңыздың құнарлылығын пайдаланатын майлардың және қанттардың көлемін азайту арқасында шектеу;
•Жемістерді және көкөністерді, сонымен қатар бұршақ дәнділерді, тазартылмаған астық тұқымдастарды және жаңғақтарды жеуді жоғарлату;
•Үнемі дене белсенділігін жүргізу (ересектер үшін аптасына 150-ден 300 минутқа дейін (2,5-нан 5 сағатқа дейін)).
 
 
Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы.