Басы » Акимат » Мәдениет » «Экология, адам, денсаулық» атты экология сағаты өткізілді
«Экология, адам, денсаулық» атты экология сағаты өткізілді
Автор: Акимат
13-02-2018 11:49
«Экология, адам, денсаулық» атты экология сағаты өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастарды қоршаған ортаны сақтауға, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында «Экология, адам, денсаулық» атты экология сағаты өткізілді. 
Шараға Радиациялық медицина және экологиялық ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері Пашкевич Илья Александрович, Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері  қатысты. 
Шараны кітапханашы: «Денсаулық адам өміріндегі орын алатын негізгі фактор және адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы», - деген сөздерімен бастады.  Адамзат үшін қазіргі технологиясы дамыған әлемде өмір сүру неғұрлым қолайлы болуда, бірақ радиация, қоршаған ортаның ластануы,  адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін  қосымша мәселелердің пайда болуына әкелуде.  Сондықтан қажетті алдын алу шараларын жүргізу арқылы бұл мәселелерді шешіп, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға болатындығын әңгімеледі. 
Шараны жалғастырған Илья Александрович адам баласының қалыпты өмір сүруі үшін оған қажетті қоршаған орта және табиғат байлықтары болуы қажеттігін атап өтті. Адам денсаулығының нашарлауының негізгі себептерді - климаттық әсер,  әлеуметтік, экологиялық жағдайлардан болатынын түсіндірді.
Бұдан әрі қатысушылардың назарына ядролық қаруды сынау адамдардың денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қаншалықты орны толмас залал келтіргені жайлы деректі фильм ұсынылды. Оқырмандар маманға сұрақтар қоя отырып, өз пікірлерін де жеткізді.
Соңында «Денсаулық – зор байлық» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.                                    
 
 
Қалалық орталық кітапхана