Басы » Акимат » Мәдениет » «Астана - арман қала» атты патриоттық сағат өткізілді
«Астана - арман қала» атты патриоттық сағат өткізілді
Автор: Акимат
13-02-2018 14:48
«Астана - арман қала» атты патриоттық сағат өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №10 мектептің 6 сынып оқушыларымен «Астана - арман қала» атты патриоттық сағат өтті.
Шара кітапханашының бас қаламыз Астананың тарихын таныстыруынан басталды. Оқушылар біздің бүгінгі астанамыздың аты бұған дейін Ақмола, Целиноград деген атаумен болғаны, ал бүгінде елордамыз - Астана қаласы болып өзгертілгені туралы мағлұматтар алды. Бұл атаулардың әрқайсысы қаланың дамуымен, белгілі бір кезеңдегі тарихымен байланысты екендігін әңгімелеп, «бүгінгі Астана - ол болашақтың қаласы», - деп атап өтті.  
Астананың көрікті орындары оқушылардың үлкен қызығушылықтарын тудырды. «Астана қазіргі заманғы сәулеттерімен таң қалдыратын қалалардың біріне айналды», - деген сөздерімен шараны жалғастырған кітапханашы  Астананың  сәулеткерлік  тұжырымдамасын  жасау  барысында  Елордада  Батыс  пен  Шығыстың  мәдени  дәстүрлері  үйлесім тапқан ерекше еуразиялық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынғанын жеткізді. 
Бұдан соң қатысушылардың назарына Елордамыз туралы слайд-тұсаукесерін  ұсынды. Слайдтан оқушылар мемлекетіміздің өткені, қазіргі және болашағынан сыр шертетін елордамыздың басты символына айналған «Бәйтерек» монументін көріп тамашалады. Бұл мұнара өзінің тарихи тамырын сақтап және болашаққа ұмтылған жас мықты мемлекеттің бейнелі белгісі іспетті. 
Бұдан әрі кітапханашы астанамыздың тамаша орындары: «Думан» ойын-сауық орталығы, Цирк, мұражай-мемориалдық кешені, кітапханалар, ескерткіштер, саябақтар, театрлар, су бұрқақтарына қысқаша тоқталып өтті. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының шешімімен Астана «Бейбітшілік қаласы» атағын алғанын мақтанышпен жеткізді. 
Шараның жалғасында оқушылармен Отанымыздың астанасы туралы білімдерін және олардың аталмыш шараға  қаншалықты мұқият ден қойғандарын тексеру мақсатында сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Викторинаға қатысушылар жақсы нәтижелер көрсетті. 
Соңында «Астана - арман қала» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттрге библиографиялық шолу жасалды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана