Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Дұрыс тамақтану- тамаша білімге апарар жол» мемлекеттік бағдарлама
«Дұрыс тамақтану- тамаша білімге апарар жол» мемлекеттік бағдарлама
Автор: Акимат
03-04-2018 11:19
«Дұрыс тамақтану- тамаша білімге апарар жол» мемлекеттік бағдарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының шараларын жүзеге асыру жоспарының аясында 2018 жылғы 2 сәуір-11 сәуір аралығында Семей қаласында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша «Дұрыс тамақтану- тамаша білімге апарар жол» атты он күндік өткізіледі.
Тамақтануды ұйымдастыру бойынша бағдарламаның негізгі мақсаты болып балалардың денсаулығын сақтау, қоғамның назарын балалардың (оқушылардың, жасөспірімдердің) тамақтануының жаһандық мәселесіне аудару, халықтың балаларда аурулардың дамуының ықпалдарының біреу ретінде тиімді, үйлестірілген тамақтану сұрақтары бойынша хабардар болуының деңгейін жоғарлату, уақтылы профилактикалық тексерулерден өтудің қажеттілігі табылады.
Балалардың және жасөспірімдердің денсаулықтарын сақтау және нығайту бойынша өзекті мәселерді біреуі болып оларды көлемді, сонымен қатар сапалы тұрғыдан толық құнарлы тамақтанумен қамтамасыз ету табылады. 
ДДСҰ ұсынысы бойынша, адам күнделікті 400-700 грамм жемістер мен көкөністер пайдалану қажет. Жемістер мен көкөністер жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларының, қатерлі ісіктердің кейбір түрлерінің және микроэлементтердің жетіспеушілігінің алдын алуда қорғаныс рөл атқарады. Өсімдік өнімдер адамға оның ағзасының қалыпты өмірлік іс әрекет ету үшін қажет. Адамның тамақтану рационы қаншалықты өсімдік аскөкке, жемістерге және көкөністерге әртүрлі және бай болса, оның көптеген аурулардан сәтті емделуге мүмкіндіктері соншалықты көп болады. Сонымен бірге өсімдіктен жасалған тағамдар, ағзаның, әсіресе балалардың, әртүрлі індеттерге, қоршаған ортаның зиянды физикалық және химиялық ықпалдардың әсерлеріне қарсыласу қабілетін жоғарлатып, көптеген сырқаттарға қарсы тұратын профилактиканың жақсы құралы болып табылады. Көкөністер, жаңа піскен түрде, сонымен қатар өңделген түрде асқазан сөлінің бөлінуінің мықты ынталандырғышы болып табылады, осымен ағзада ақуыздың, майлардың және көмірсулардың толық қортылыуына және сіңуіне мүмкіндік береді. Сәбіз, қияр, қырыққабат, сонымен қатар қарбыз шырындары ас қорыту үдерісін ерекше күшейтеді. 
Бос қанттар- ол тамақ өнімдеріне және сусындарға өндірушілер, аспазшылар немесе тұтынушылар қосқан моно- және дисахаридтер, және, әрине, балдың, шәрбеттердің, жеміс шырындардың және жеміс шырындардың концентраттардың құрамындағы қанттар. Бос қанттарды, әсіресе тәтті газдалған сусындар, тәтті тағамдар түрінде, пайдалану семіздіктің және қант диабетінің дамуымен дененің артық салмағының пайда болуына жол береді. 
Халық арасында, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында, ең танымал сусын- ол кока-кола. Барлық салқындатқыш сусындардың құрамында, әсіресе Кока-колада, қант аса көп мөлшерде болады, яғни, 1 литрде- 137,5 граммда, бұл 27,5 қант кесегіне баламалы, ұйқы безін аса жүктейді және қант диабетінің дамуына апарады. Бос қанттарды пайдалануды, әсіресе тәтті сусындар, тәтті тағамдар (тоқаштар, шоколад, мармелад, кәмпиттер, торттар, балмұздақ) түрінде, шектеу қажет, өйткені олар семіздіктің және қант диабетінің, тісжегінің дамуымен дененің артық салмағының пайда болуына жол береді.  
Тұзды тұтыну. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұздың күнделікті пайдалануын тәулікте 2-5 граммнан астам болмауын ұсынады. Күнделікті тұтынылатын тұздың нормасынан асып кеткенде ол жинала бастайды, бұл ағзадағы сұйықтықтың жиналуына апарады және ісінулердің пайда болуына мен артериялық қысымның жоғарлауына мүмкіндік туғызады.    Кеніңнен таралған тұзды өнімдер: тұздамалар (қиярлар, қызанақтар, консервіленген салаттар және т. б.), қытырлақ картоп, тұздалған кептірілген нан, тұзды крекерлер, тұзды жеңіл тағамдарды шектеулі мөлшерде пайдалану қажет! Осылайша, мысалы, 80 грамм тұздалған жеңіл тағамдардың құрамында 5 грамм (бір шай қасық) тұз болады- ол пияз сақиналары, кептірілген нан, қытырлақ картоп, крекерлер және т. б.
Тұздың пайдалануын нормаға дейін және одан төмен азайту жыл сайын әлемде 2,5 миллион өмірді сақтап қалуға мүмкіндік тудырады. Індетті емес аурулардың (жүрек ауруларынан, қант диабеті, қатерлі ісіктер) қауіпін төмендетеді, миокарт инфарктынан және инсульттан пайда болған мүгедектікті қысқартады, суқараңғының дамуына жол бермейді, ағзадағы су теңгерімін сақтайды, ісінулерден босатады және артық суды шығарады. 
Трансмайлар қуырылған картоп, чизбургерлер, бургерлер, балмұздақ, попкорн, қытырлақ картоп, крекерлер, бәліштер, піспенандар, тәтті тоқаштар, тәтті нан, дәмді қаттама нан, торттар, бисквиттер, кекстер құрамында болады. Олар қандағы холестеринді жоғарлатады және жүрек ауруларының, диабеттің, семіздіктің, сүт безінің қатерлі ісіктерінің, Альцгеймер ауруының, өт қабына тас байланудың және т. б. дамуына апарады. Трансмайларды пайдаланудың нәтижесінде қуаттың 2%-ға жоғарлауы миокард инфарктынан өлу қауіпін 23%-ға жоғарлатады. 
Дәл осы жасөспірімдік кезең ересек өмірдегі шылым шегу, алкоголь ішу, тамақтану және дене белсенділігіне қатысты қылықтарды анықтайды және жалпы дені сау қоғамды қалыптастыратынын айтып кету қажет. Жүйке жүйесінің, эндокриндік жүйенің аурулары -өсіп барады, тамақтанудың және заттардың алмасуының бұзылулары көбейіп келеді. Осыған байланысты ата-аналардың басты мақсатының біреуі болып жасөспірімге тұрақсыз құрғақтай тамақтанудың зиянын түсіндіру, қытырлақ картоп пен тоқаштарға балама, мысалы, кептірілген жемістер мен жаңғақтар, табу болады. Тамақтану төрт реттік болу қажет екендігін түсіндіру: нәрлі заттардағы тәуліктік қажеттіліктен таңғы ас– 25 %; түскі ас– 35–40 %, бесіндік– 15 %, кешкі ас– 20–25% құрады. Жеңіл тағам ретінде көкөністер немесе жемістер, ірімшік немесе сүзбе, жұмыртқа, салаттар болу мүмкін. Ыстық тағам ретінде ботқаларды, көкөністі рагу, ет, балықты ұсынуға болады. Ыстық шай, нәрсу, кисель, сүт түрдегі сусын.
 
Семей қ. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»