Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Дені сау болу- ол мода!» ұлттық бағдарлама
«Дені сау болу- ол мода!» ұлттық бағдарлама
Автор: Акимат
06-04-2018 09:09
«Дені сау болу- ол мода!» ұлттық бағдарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының шараларын жүзеге асыру жоспарының аясында 2018 жылғы 7 сәуірде Семей қаласында «Дені сау болу- ол мода!» деген ұранмен Дүниежүзілік Денсаулық күні өткізіледі.
«Дені сау болу- ол мода!» Ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты болып жеке денсаулықты өмірдің барлық кезеңдерінде салауатты өмір салтына мақсаттарды қалыптастыру жолымен сақтау және нығайту, адамдарға таңдау жасауға және өздері мен өздерінің отбасылары үшін денсаулық пайдасына шешім қабылдауға көмектесу, халықтың, жұртшылықтың және медициналық қызметкерлердің денсаулықты сақтау мәселелері бойынша хабардар болуларын жоғарлату, республикада әлеуметтік-бағдарланған кешенді медициналық көмектің (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС) дамуы, Республиканың барлық тұрғындары үшін медициналық қызметтерге жалпы қолжетімділік қамтамасыз ететін Ұлттық скринингтік бағдарламаның жұмыс істеуі табылады. 
Сау болу- ол нағыз ғылым және де оның бағытының біреуі- денсаулық мәдениетін қалыптастыру: денелік, рухани, әлеуметтік кемел. Осыған орай адам өзін жарату қажет: дені сау болу және өмірде өзінің жолын табу қажет. Адамның өсуі және дамуы денсаулық деңгейін диагностикалаумен, дұрыс тамақтануға және дене белсенділігіне бейілділекпен, зиянды дағдалардың болмауымен сүйемелдену қажет. Денсаулық- әр адам үшін негізгі құндылық. 
Халықтың денсаулығы- жай ған медициналық ұғым емес. Адамдар денсаулықтарының күйінің деңгейі денсаулық сақтауға және медициналық қызмет көрсетуге тек қана 8-10%-ға байланысты болатыны анықталған. Қалғаны басқа көптеген ықпалдардан құрастырылады: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық ахуалдан, мінез-құлықтың, тамақтану мәдениетінің тарихи қалыптасқан дәстүрлерінен, тұқым қуалаушылықтан және адамдардың өздеріне, өздерінің денсаулықтарына деген көзқарастарынан. 
ҚР-да бұл мәселенің ауқымдылығы көптен бері жете түсінілген. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Қазіргі уақытта адамдардың көбі деннің сау болуы беделді екендігін, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану модаға айналғанын түсінді. Жастардың көп бөлігі өздерінің денсаулықтарын сақтауды өмірлік артықшылық деп санайды, өйткені салауатты өмір салты- ол пайдалы және танымал, ал заманауи өмір стилі- ол зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты басымдылықтар және бедел.
ДДСҰ ұйымдастырылуына орайластырып жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді, 2018 жылдың да осы күнінде денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтуға арналған көлемді және ұзақ уақытқа созылатын науқан басталады. «Денсаулық баршаға» осы науқанның және бүкіл ДДСҰ-ның қызметінің басшы қағидаты болып табылады. Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамту дегеніміз не? Денсаулық сақтаудың қызметтерімен жалпы қамтудың мақсаты болып барлық адамдар, жыныстарына, жастарына, әлеуметтік мәртебелеріне, тұрған жерлеріне және табыстарына тәуелсіз, оларға қажет медициналық қызметтер алуы және оларды төлеумен байланысты қаржылық қиындықтарды көрмеулері табылады. 
Осы мақсаттарға Қазақстан Республикасында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аясындағы қызметтер, Ұлттық скринингтік бағдарламасының шегінде өткізілетін халыққа тегін көрсетілетін профилактикалық медициналық тексерулер сай келеді. 
 
Семей қ. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»