Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » А.Н.Т. Мұқыр ауылы Ертіс ауылдық округіне шығуы
А.Н.Т. Мұқыр ауылы Ертіс ауылдық округіне шығуы
Автор: Акимат
12-04-2018 17:54
А.Н.Т. Мұқыр ауылы Ертіс ауылдық округіне  шығуы
Сәуірдің 12 Семей қалалық әділет басқармасы басшысының орынбасары мен қызметкерлері, нотариуспен және адвокаттармен бірлесіп бірге ақпараттық-насихаттау тобы Мұқыр ауылы Ертіс ауылдық округіне шығуын ұйымдастырды, оның негізгі мақсаты, құқықтық хабардарлығын арттыру және көрші ауылдардың азаматтарына құқықтық кеңес беру, сондай-ақ әділет органдарының негізгі қызметінің бағыттарын түсіндіру болып табылды. 
Кездесуге Мұқыр ауылының тұрғындары мен Ертіс ауылдық округінің әкім аппаратының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында, ауыл азаматтарына құқықтық көмек көрсетіліп, азаматтарды толғандырып жүрген көптеген сұрақтар шешілді, сауал-сұрақтарына, атап айтқанда  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, сатып алу-сату шартын, сыйға тарту шартын куәландыру тәртібі ең маңызды сұрақтардың бірі болып табылды, сұрақтарға тиісті түсініктемелер және заңдық құқықтық  кеңес берілді. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне осы уақыт кезеңінде қолданыстағы негізгі реформалар мен түзетулерді түсіндіріп, Қазақстан Республикасы заңдарының тұжырымдамасын талқылады. Басшының орынбасары Данияр Жалмуратов Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне» ерекше назар аударды және сыбайлас жемқорлықпен күрес  әрбір ұйымда, азаматтық қоғам институтында әрқайсының парызы, міндеті және қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресудегі негізгі бағыттарын талқылап, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азамаматтық борышы екендігін атап өтті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша, Ертіс ауылдық округінің әкімдігімен одан әрі бірлесіп қызмет атқару  туралы шешім қабылданып, ауыл тұрғындары білікті заң консультацияларын ұсынған Семей қалалық әділет басқармасының қызметкерлеріне алғысынтарын білдірді.
 
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі