Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Қауіпсіз өмір!» ұлттық бағдарлама
«Қауіпсіз өмір!» ұлттық бағдарлама
Автор: Акимат
17-04-2018 09:23
«Қауіпсіз өмір!» ұлттық бағдарлама
2018 жылғы 1 сәуірінен 30 сәуіріне дейін Семей қаласында жарақаттанушылықтың алдына алу бойынша айлық басталды.
Жарақаттанушылықтың (тұрмыстық және жол-көліктік) алдын алу бойынша науқанның негізгі мақсаты болып халықтың өмірін нығайту және сақтау, жауапкершілікті күшейту және өзін-өзі сақтау қылықтардың дағдыларына баулу, қоғамның назарын жарақаттанушылықтың мәселесіне аудару, халықты жарақаттардың барлық түрлерінен сақтандыру шаралары туралы ақпараттандыру табылады.
Негізгі қағидалар
Өзін-өзі сақтау қылықтардың дағдыларын қалыптастыру, оның ішінде өрт қауіпті, химиялық, жеңіл тұтанатын, улы заттарды, электр жабдығын, ауладағы және спорт құрылыстарды қолдану ережелерін сақтау, жылдамдық режимін, Жол жүру ережелерін сақтау, қауіп-қатердің мінез-құлықтық ықпалдарының алдын алу, жарақаттанушылықтың (соғылулар, құлаулар, күйіктер, электрмен жарақтанулар, күйіктер, үсіктер, уланулар, жануарлардың және жәндіктердің шаққандары және басқ.) алдын алу мақсаттарында. 
Жарақаттар - ол ағзаның мүшелерінің немесе тіндерінің бүлінуі. Ол соғылулар, сынықтар, күйіктер, электр тоғымен зақымдану және басқалар. 
Соғып алу- соққыдан немесе құлаудан мүшелердің және тіндердің, тері бүтін қалатын, зақымдануы. Соғылулар жеңіл және ауыр болады. Әсіресе ми соғылуы аса қауіпті. Көңілді ерекше елеңдететін қауіпті симптомдар- ұйқышылдық, тәбеттің бұзылуы, лоқсу, бас ауруы. Бұл жағдайларды ауырған соншалық қатты болу мүмкін, тіпті іс-түсінен айырылу мүмкін. Қатты соққылар тек қана ауруханаларда емделеді. Соңғы кездерде 3-4 жастаға балалардың құлаған теледидарлардан зақымдану жазатайым оқиғалар жиі орын алады. Әдетте 4-жасар балалар құлап келе жатқан теледидардан жалтарып кетуге үлгермейді, сондықтан соққы басқа келеді. Сәл ересектеу балалар шет жаққа секіріп үлгереді, сондықтан олардың аяқтары жиі зақымданады. 
Сақтық шаралары:
- Теледидарды сыпырып алуға болатын дастарқанмен немесе матамен жабылған беттерге орналастырмау қажет;
- Теледидарды және жиһазды қабырғаға немесе басқа тиісті бетке бекітусіз биік жиһазға (мысалы, шкафтың үстіне) орналастырмау қажет;
- Балаларға теледидарға созылып жету үшін жиһазға шығып кеткендері қандай қауіп төндіретінін түсіндіру қажет.
Күйік - тамақты плитаның артқы жанарғыларында дайындауға немесе табалардың/ожаулардың тұтқаларын плитаның ортасына қарай жайғастыруға тырысыңыздар, ыстық тамақты ұзын дастарқан жайылған үстелге қоймаңыздар; 
-жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды, сіріңкелерді, майшамдарды, оттықтарды, бенге оттарын, петардаларды балалардың қолдары жетпейтін жерлерге жинап қойыңыздар және балаларды алаудан, майшам жалынынан, петардалардың жарылыстарынан алыс ұстаңыздар; 
- балаларды шомылдыру алдында судың температурасын міндетті түрде тексеріңіздер; 
-баланы күннің ыстығынан, күн және жылу «өтуден» сақтаңыздар.
Суға бату- 5 жастан кіші балалар суға батып кетудің ең жоғары қауіп-қатерінің тобын құрады, соңынан 15-19 жастағы жасөспірімдер болады. 
- Балалар судың азғантай көлемінде 2 минуттан кем уақытта батып кету мүмкін- құдықтарды, су құйылған ванналарды, бөшкелерді, шелектерді және т. б. қымтап жауып жүріңіздер; 
- Балаларды ерте жасынан жүзуге үйретіңіздер, суда демалғанда міндетті түрде балалардың құтқару жилетін пайдаланыңыздар, суаттың маңында баланы бір минутқа қараусыз қалдырмаңыздар.
Биіктен құлау (жағдайлардың 20%-да 5 жасқа дейінгі балалар зардап шегеді)
- ашық терезелер және балкондар кішкентай балалар үшін мүлде қолжетілсіз болу қажет: сенімді қоршауларды, торларды орнатыңыздар (москиттерге қарсы тор қауіпсіздіктің жалған сезімін тудырады), жақын жерде орындықтар мен отырғыштарды қоймаңыздар, сонымен қатар баспалдақтар маңында қорғаныс қажет; 
- балаларға қауіпті жерлерге «өрмелеп кіріп кетуге» рұқсат бермеңіздер: баспалдақ аралықтарына, төбелерге, көлікжайларға, құрылыстарға және басқ.
Сақтық шаралары:
1. Москиттік тор құлаудан қорғамайды, тор сенімді бекітілген құрылым болып табылмайды. 
2. Бөлмеден шығып кеткен жағдайында немесе бала оның маңында ойнап отырғанда терезені жауып қойыңыз. 
 
Жол-көліктік жарақаттанушылық
 
Соңғы жалдары көлік құралдарының паркі көбеюіне, өнеркәсіптік және биікті құрылыстың қарқынды өсуіне байланысты жол-көліктік жарақаттанушылық ерекше өзектілікке ие болды, бұл зақымданудың сипатының және орналасқан жерлерінің өзгерілуіне және ауыр көпөлшемді және жанамалас жарақаттардың айтарлықтай өсуіне апарды.  Қазақстанда, 2007 жылмен салыстарғанда, ЖКО 2203-ке (13,8%-ға), қаза тапқандардың саны 1014-ке (23,2%-ға), жарақат алғандардың саны 2551-ге (13,5%-ға) азайды. Бала жасындағы (0-17 жас) жарақаттардың, уланулардың және басқа жазатайым оқиғалардың арасында аяқ пен қолдардың жарақаттары бірінші орынға ие болды (67% 2010 ж. және басқа жылдарда 70%-дан астам), олардың ішінде 26-30% сүйектердің сынуына келеді. Жарақтанушылықтың ауыртпалығына жылдамдық, жүргізушінің мастық күйде болуы, жолдың күйі және санты, елді мекеннің түрі, ауа райдың жағдайлары, сонымен қатар жылдың мезгілі мен тәуліктің сағаты сияқты ықпалдар зор әсер етеді. Ересек адамдардың жауапсыздығы: ішімдікке салыну, жол жүру ережелерін, әсіресе жылдамдық режимді, сақтамау, балаларды қараусыз қалдыру- осының бәрі балалардың денсаулығын құртады, кей кезде өмірлерін де алып кетеді. 
Ересектер баланы жолдағы (жаяужолда және жүргін бөлікте өзін қалай ұстау қажет, жолдан қалай өту керек, бағдаршаммен таныстыру), машинада және қоғамдық көліктегі мінез-құлықтың ережелеріне үйретуге, сонымен қатар көліктегі қауіпсіздігін (автомобильде баланы тасымалдағанда арнайы креслоны және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажет) қамтамасыз етуге міндетті.
Балаларға неге тек қана «жолақ жылқымен» жүру қажет екенін немесе қозғалысты бағдаршамның белгісі бойынша неге бастау қажет екендігін түсіндірген ата-аналар тәжірибеде көбінесе өздері керісінше әрекет етеді: балаларды құшақтап алып, рұқсат етілмеген жерлерде, «қоянға» ұқсап, жолдан, жүгіріп секіріп, өтеді. Ересектердің осы «тентектіктері» бір кезде баланың өмірін құрту мүмкін. 
 
Семей қ. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»