Басы » Акимат » Қоғам » Жеңіс күні құтты болсын!
Жеңіс күні құтты болсын!
Автор: Акимат
08-05-2018 19:06
Жеңіс күні құтты болсын!
Қымбатты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті семейліктер!
 
Елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың нышанына айналған Жеңіс күні құтты болсын!
 Сіздер жасаған ерлік Мәңгілік! Оның қадірін жас ұрпақ еш ұмытпайды. Бүгінгі күні аға ұрпақ алып берген Жеңіс дәстүрін бейбіт елдің жауынгерлері жалғап, ерлік даңқын арттырып келеді. Мұны алапат соғыстағы Жеңістің қадірін ұғыну, майдан даласынан қайтпай қалған асыл ерлерімізді әспеттеу, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық жасаудың көрінісі деп білеміз.
Жеңістің 73 жылдығында барша ардагерлер мен майдангерлерге, тылда еңбек еткендер мен партизан қозғалысына қатысқандарға, соғыстан кейін елді қалпына келтіру ісіне араласқандарға күллі семейліктер атынан алғысымызды айтамыз! 
Баршаларыңызға мықты денсаулық, береке-бірлік, молшылық тілейміз. Бейбітшілік мекеніне айналған Отанымыздың әр күні қуаныш пен шаттыққа толсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!
 
 
Құрметпен,
Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ, 
қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек АҚЖАЛОВ