Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » «Мәңгілік полк» акциясы өткізілді
«Мәңгілік полк» акциясы өткізілді
Автор: Акимат
10-05-2018 15:50
«Мәңгілік полк» акциясы өткізілді
2018 жылдың 4 мамыр күні Шульбинск кенті әкімшілігінің акт залында Ұлы Жеңіске арналған мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертке тыл еңбекерлері мен интернационалист жауынгерлер шақырылды. Әрбір қатысушыға және тыл еңбеккерлеріне кент әкімінің құттықтау қағазы табысталды.
2018 жылдың 9 мамыр күні Шульбинск кентінде мәңгілік полк жолға шықты. Соғыс және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Новобаженово ауылы және Шульбинск кентінің мектеп оқушылары, жастар Ұлы Отан соғысының жауынгер ардагерлерінің, ет бауыр жақындарының портреттерін қолыдарына ұстап, қатарға тізіліп мектеп оқушылары мен ұстаздарының көмегімен ұйымдастырылған тірі дәліз арқылы, Новобаженово ауылының мәдени демалыс саябағында орналасқан даңқ ескеркішіне қарай бірлесе жол тарты.  
Жиналғандар алдында Новобаженово ауылының әкімі Умертаев Кенжетай және Шульбинск кентінің әкімі Байгужинов Кенжебек, ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ада Плесовских соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ауылдық клубпен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Гүлдерден өрілген шеңберлер, салтанатты түрде даңқ ескерткішінің соғыс батырларына арналып қойылды.
Мереке қарсаңында қалалық мәслихат депутаты Баймуринов Талғат Шульбинск кентінде жалғыз тірі қалған соғыс ардагері Бейсханов Жолдыбекті құттықтап, азық-түлік себетін табыстады.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниалдың және Семей қаласының әкімі Сәлімов Ермактың құттықтауларын Шульбинск кентінің әкімі Байгужинов Кенжебек соғыс ардагері Бейсханов Жолдыбекке оқып және құттықтау ашық хаттарын, ақшалай Сертификат табыстады. 
Біз жауынгерлерге мәңгі құрмет көрсетіп, бізге бейбітшілік әкелген адамдарды, өткен соғыс сарбаздарын есте сақтаймыз! 
    
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты