Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » "Мәңгілік полк" атты салтанатты шеру өткізілді
"Мәңгілік полк" атты салтанатты шеру өткізілді
Автор: Акимат
10-05-2018 15:45
2018 жылдың 08 мамыр күні Приречный ауылында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған "Мәңгілік полк" атты салтанатты шеру болып өтті. Шеруде Отан соғысы жылдары қан майданда қаза болған жерлестеріміздің фото суреттері үлкейтіліп, көшелермен салтанатты түрде алынып жүрілді.  Шеруден соң соғыс құрбандарын еске алу митингі болды, соңынан көркемөнерпаздар дайындаған шағын концерт өз жалғасын тапты. Шақырылған құрметті қонақтар мен соғыс және еңбек ардагерлеріне дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді.
 
Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты