Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Демікпесіз өмір сүр!» атты ұлттық бағдарлама
«Демікпесіз өмір сүр!» атты ұлттық бағдарлама
Автор: Акимат
10-05-2018 17:09
«Демікпесіз өмір сүр!» атты ұлттық бағдарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының шараларын жүзеге асыру жоспарының аясында 2018 жылғы 2 мамыр - 12 мамыр аралығында Семей қаласында «Демікпесіз өмір сүр!» атты он күндік өткізіледі.
«Демікпесіз өмір сүр!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты:
• бронх демікпесі мәселесіне қоғам назарын аудару, бронх деміпесінің алдын алу, оның ішінде алдын алуға болатын факторлар туралы халыққа ақпарат беруді арттыру, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтану;
• темекі шегу, ішімдіктен бас тартуға дағдылану, гигиеналық ережелерді сақтау, аллергиялық аурулардың заманауи алдын алу және емдеу, медициналық және медицинаға жатпайтын нұсқауларды орындауға ұстамдылық, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару дағдыларын, адамдардың өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін қалыптастыру;
• бронх демікпесінің алдын алу, темекі бұйымдарын тұтынуды төмендету жөніндегі бағдарламаларды енгізуде мемлекеттік және мемлекеттік емес, ҮЕҰ, МҰ және басқа мүдделі ведомстволардың қатысуы болып табылады.
Бронх демікпесі денсаулық сақтау саласына ғаламдық мәселе тудырып, көп таралған созылмалы аурулардың бірі болып табылады. ДДҰ-ның мәліметтері бойынша әлемде 5%-ға жуық ересек және 10% бала бронх демікпесінен зардап шегеді. Бұл балалық шақта шалдығатын ең көп таралған созылмалы ауру. 
Ғалымдардың болжамына сәйкес 2025 жылға дейін демікпемен ауыратын науқастар саны 100 млн. адамға артып, ғасырдың екінші жартысында әрбір екінші бала демікпеден зардап шегеді. Ауру кез келген жаста пайда болуы мүмкін, шамамен науқастардың жартысында ауру 10 жасқа дейін, үшіншісінде 40 жасқа дейін пайда болады. Бронх демікпесімен ауыратын науқас балалардың арасында қыздарға қарағанда балалар 2 есе көп. 30-шыжылға дейін жыныс арасындағы ара салмақ теңдеседі.
Бронх демікпесіне шалдығуда тұқым қуалауға бейімділік, экологияның нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, балалық шақта жиі аллергиямен ауыру, семіздік, темекі шегу, бауырдың паразиттік ауруы, дисбактериоз және басқа аурулардың маңызы зор. Сонымен, тыныс алу жолдарының тітіркенуіне тозаң түріндегі табиғи аллергендер, көліктің пайдаланылған газы, темекі түтіні, жұмыс орнындағы химиялық заттар алып келуі мүмкін, үйдегі аллергендерге кілемдер, жастықтарда өмір сүретін шаң кенесі, сондай-ақ үй жануарының жүні жатады.
 
Семей қ. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»