Басы » Акимат » Қоғам » Көшпелі семинар өткізілді
Көшпелі семинар өткізілді
Автор: Акимат
10-05-2018 17:16
Көшпелі семинар өткізілді
2018 жылға жоспарланған көшпелі семинар-кеңеске сәйкес 2018 жылғы 4 мамырда Семей қаласы әкімінің аппаратында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы  Г. Ж. Исимбековтің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының Әдеп жөніндегі уәкілі З. М. Әбижанованың көшпелі семинар-кеңесі өтті.
Семинар-кеңеске құрылымдық бөлімшелердің басшылары, дербес бөлімдердің басшылары, әкім көмекшілері, әкім орынбасарларының көмекшілері, бас мамандар, әдеп жөніндегі уәкіл, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері қатысты.
Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауға қатысты түсініктемелер берілді. 
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдау мен анонимді сауалнама жүргізді.
 
Семей қаласы әкімінің аппараты