Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Өзіңіздің артериялық қысымыңызды бақылап, Сіз өміріңізді басқарасыз!» атты ұлттық бағдарлама
«Өзіңіздің артериялық қысымыңызды бақылап, Сіз өміріңізді басқарасыз!» атты ұлттық бағдарлама
Автор: Акимат
11-05-2018 11:30
«Өзіңіздің артериялық қысымыңызды бақылап, Сіз өміріңізді басқарасыз!» атты ұлттық бағдарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының шараларының жоспарын тиімді жүзеге асыру аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің қалттық орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығымен республиканың аймақтарында Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күніне орайластырылған «Өзіңіздің артериялық қысымыңызды бақылап, Сіз өміріңізді басқарасыз!» Ұлттық бағдарламасы жүргізіледі (12 мамыр). 
«Өзіңіздің артериялық қысымыңызды бақылап, Сіз өміріңізді басқарасыз!» Ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылады:
- халықтың барлық мақсаттық топтардың, балалардың және жасөспірімдердің ата-аналарының назарын жоғары артериялық қысымның (АҚ) дамуының себептеріне және салдарына ерекше назар аударып, ақпараттылығын жоғарлату;
- назарды артериялық қысымды бақылауға, алдын алудың шараларына аудару;
- артериялық гипертонияны өздігінен бақылау, өздігінен басқару дағдыларына үйрету.
Артериялық гипертония қоғамдық денсаулық сақтаудың ғаламдық мәселесі болып табылады, ол жүрек ауруларының, инсульттардың және бүйрек жеткіліксіздігінің ауыртпалығына себепшіл болады, сонымен қатар мезгілсіз қаза болуға және мүгедектікке себептеседі.   Гипертонияны ерте анықтау, дұрыс емдеу және лайық бақылау денсаулықтың күйінің жақсаруын қамтамасыз етеді және экономикалық тұрғыдан пайдалы болады, өйткені гипертонияның асқынуын емдеу қымбат араласуларды жүзеге асырумен түйіндес болады. Тәуекелдің мінез-құлықтық ықпалдарын бақылау гипертонияның алдын алу мүмкін, оның ішінде: құрамында көп тұз бен май бар тағамды жеу, рационда жемістердің және көкөністердің жеткілікті мөлшердің болмауы; темек тарту; ішімдікке қауіпті салыну; дене белсенділігінің жеткіліксіздігі; жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық сырқаттар және онкологиялық аурулар сияқты күрделі індетті емес аурулардың дамуының маңызды мінез-құлықтық ықпалдары болып табылатын күйзелісті халдарға жеткіліксіз бақылау. Артериялық қысымның (АҚ) тұрақты жоғарлауы алғашқы рет кез келген жаста анықталу мүмкін. Артериялық гипертензия тек қана жас ерекшеліктеріне тән ауру емес, және балалар мен жасөспірімдерде жиі анықталу мүмкін. Балаларда жоғары қысымды жүріс-тұрысы аз өмір салты, фастфудқа құмарлану қоздырады. Емдәмді, лайықты дене жүктемесін, үнемі бақылауды, қысымның көрсеткіштерін үнемі бақылауды қамтитын уақтылы басталған кешенді терапия аурудың дамуын айтарлықтай бәсеңдету мүмкін.
Ақпараттық-коммуникациялық науқанды жүргізу кезеңінде ата-аналармен профилактикалық шаралардың пайдасы мен маңызды мәні туралы жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылу қажет. Артериялық гипертония бойынша алдын алу профилактикалық шаралардың нәтижелеріне жетуде белсенді, ақпараттандырылған, өзінің денсаулығына дамудың барлық кезеңдерінде жауапты адамның рөлі маңызды, бұл қандай болса да мемлекеттің стратегиялық мақсаты болып табылады.
Балалардағы және жасөспірімдердегі күретамыр гипертензиясы медициналық тәжірибенің ең өзекті мәселелерінің біреуі болып табылады.  Осы мәселенің өзектілігі балалар популяциясында аурудың жаппай алдын алудың мүмкіндігімен негізделген, өйткені ересек адамда зиянды дағдыларды жойғанша немесе өмір сүру салтын өзгерткенше, балалық шақтан бастап өзінің денсаулығына дұрыс, қисынды көзқарасты тәрбиелеу, тұрақты белсенді өмір салтына дағдыларына баулу дұрыс болады.
 
Семей қ. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»