Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» Ұлттық бағдармала
«Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» Ұлттық бағдармала
Автор: Акимат
14-05-2018 11:32
«Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» Ұлттық бағдармала
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының шараларын жүзеге асыру жоспарының аясында 2018 жылғы 1 мамыр-31 мамыр аралығында Семей қаласында «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» атты айлық өткізіледі.
«Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты халыққа жауапты денсаулық сақтайтын мінез-құлық пен шылымқорлықтан саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру, адам ағзасына шылымқорлықтың зиянды әсері туралы түрлі жастық категориядағы халықтың ақпарат алуларын арттыру болып табылады.     
Жыл сайын ғаламдық темекі індеті 7 миллионнан аса адамды өлімге душар етеді, оның 900 000-ға жуығы шылымқор емес және темекі түтінімен демалғанның нәтижесінде қаза табатындар. Әлемде 1 миллиардтан астам шылымқорлардың 80%-ға жуығы темекі шегумен байланысты аурушаңдық пен өлім-жітімнің ең ауыр ауыртпашылығы тиесілі табыс деңгейі төмен және орташа елдерде өмір сүреді. Әлемде өлім-жітімнің басқа кез келген себептеріне қарағанда, жүрек-қантамыр ауруларынан көп адам қаза табады, ал темекі шегу мен темекі түтінін қайта жұтудың әсеріне жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім дерегінің шамамен 12%-ы тиесілі. Темекі шегу жоғары қан қысымынан кейінгі жүрек-қантамыр ауруларының екінші себебі болып табылады.
2018 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен оның серіктестері темекі шегумен байланысты денсаулыққа төнетін қауіп-қатер ментемекі тұтыну деңгейін төмендету бойынша тиімді саяси шараларға назар аударту мақсатында Дүниежүзілік темекісіз күнді «Темекі және жүрек аурулары» ұранымен өткізеді. Науқан келесі мәселелер жөнінде ақпарат алуды арттыруға бағытталады: 
- темекі мен жүрек аурулары және басқа жүрек-қантамыр аурулары, оның ішінде әлемдегі өлім-жітімнің басты себебі болып табылатын инсульт арасындағы байланыс;
- жүректің сау болуы үшін темекімен байланысты қауіп-қатерлерді азайту мақсатында негізгі мүдделі тараптар, оның ішінде үкімет пен қоғамның іс жүзінде өткізетін іс-әрекеттері мен шаралары. Жүректің саулығына темекінің белгілі зиянды әсеріне және оған байланысты өлім-жітім мен аурушаңдықты төмендетуге бағытталған шаралардың болуына қарамастан, адамдардың көбі темекінің жүрек-қантамыр ауруларының жетекші себептерінің бірі болып табылатынын жеткілікті білмейді.
 
Семей қ. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»