Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Аллергиялық ауруларды алдын ала емдеу
Аллергиялық ауруларды алдын ала емдеу
Автор: Акимат
05-06-2018 10:39
Аллергиялық ауруларды алдын ала емдеу
Аллергия анықталған тітіркендіргіш – аллергенге ағзаның жоғары сезімталдығының нәтижесінде өрбиді. Аллергиялық аурулар әртүрлі болады. Оларға қышыма, есекжем, терінің оғаш қабынуы және басқа да тері аурулары жатады.
Жыл уақытын есепке алсақ, қазіргі кезде аллергиялық есекжем, саңырауқұлақ (күнгей) дерматиті, флеботодермия (жәндіктердің шағуы) сияқты терінің аллергиялық аурулары көбірек басым, сондай-ақ диетадағы қателікпен байланысты аурулар, өйткені қазіргі кезде жидек, жеміс ә.қ. өте көп. Дерматологиялық аурулардың жалпы санының аталған нормадан ауытқулары 40 пайызын құрайды.
Сондай-ақ аллергияның себептеріне жататындар:
. өсімдіктер тозаңдары;
. дайын вакцина және донорлық плазма құрамына кіретін ақуыз
. түйіршіктері;
. зең споралары, зең саңырауқұлақтары;
. жекелеген дәрі-дәрмектік заттар;
. көшедегі немесе үйдегі шаң-тозаң;
. жануарлар жүні;
. тамақ өнімдері;
. ақсөл;
. тұрмыстық химия.
 
Аллергияны алдын ала емдеу:
Балалар мен ересектердің аллергиялық ауруларын алдын ала емдеу ағзаның аллергендермен өзара әрекеттестіктерінің алдын алуға бағытталған. Аллергия болмас үшін ықтимал тітіркендіргіштермен байланысты болдырмау немесе барынша азайту жеткілікті. Сөзсіз, мұны нақты орындау – едәуір күрделі мәселе. Мысалға, өсімдік тозаңына олардың гүлдеу кезеңінде аллергия болған кезде адамға көшеге шығуға және үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді ашуға болмайды. Бірақ барлық аллергиямен ауыратындар өз еріктерімен үйде қалуға мүмкіндіктері жоқ. Мұндай жағдай аллергияның тағамдық және дәрілік түрлерімен зардап шегетіндерде де бар.
Бірінші жағдайда, кей кезде аллергенді тамақты біле тұра одан бас тарту өте күрделі, екінші жағдайда – анықталған ауруды емдеу кезінде дәрілік дәрі-дәрмекті табу қиынға соғады.  
 
Семей қ. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары  орталығы»