Басы » Акимат » Хабарландыру » Қала кәсіпорын субъектілерінің дамуына қаржысыз қолдау көрсету мақсатында «бір терезе» режимінде төлеусіз негізде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) келесі қызмет түрлерін көрсететінің хабарлайды
Қала кәсіпорын субъектілерінің дамуына қаржысыз қолдау көрсету мақсатында «бір терезе» режимінде төлеусіз негізде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) келесі қызмет түрлерін көрсететінің хабарлайды
Автор: Акимат
08-06-2018 11:32
Қала кәсіпорын субъектілерінің дамуына  қаржысыз қолдау көрсету мақсатында  «бір терезе» режимінде төлеусіз негізде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) келесі қызмет түрлерін көрсетеді: 
1. Мемлекеттік қолдау құралдары мен түрлері бойынша консалтинг:
• «Даму» Қорының бағдарламалары мен құралдары бойынша кеңестер, сонымен қатар өзге де кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары;
• Қажетті құжаттар тізбесімен субсидиялар, кепілдіктер және гранттар алу үдерісі бойынша қадамдық нұсқау;
• Мемлекеттік қолдау алу үдерісіндегі КҚКО кеңесшілерінің ілеспе қызметі;
• Заңдық мәселелер бойынша кеңестер; 
• Бухгалтерлік және салықтық есептер бойынша кеңестер;
• Екінші деңгейлі банктердің бағдарламалары бойынша кеңестер;
• Бизнес жоспарды құру мен әзірлеу.
2. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік ісін жүргізуге сервистік қолдау беру:
• Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге байланысты, сонымен қатар статистикалық есеп-қисап құрудағы қызметтер;
• Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
• Менеджмент жүйесін енгізудің барлық үдерісіне толық ілеспе қызмет көрсету мен кеңес беру;
• Заңдық қызмет көрсету;
• Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
• Ақпараттық технологиялық қызмет көрсету саласына кеңес беру;
• Менеджмент мәселелері бойынша қызметтер.
3. Оқыту мен біліктілікті көтеру (міндетті сертификаттаумен):
• «Іскерлік байланыстар» құралына, «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» Компоненті мен «Аға Сеньорлар» Компонентіне қатысу үшін өтінімдер жинау;
• Бейімді бағыттар бойынша тренингтар мен семинарларда оқыту;
• Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021, Шағын және орта кәсіпкерлікті өңірлік қаржыландыру «Ақ Ниет» бағдарламаларына қатысуға өтінім жинау. 
• «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында қатысу үшін өтінім жинау.
4. Серіктес ұйымдардың кеңес берулері:
• Халыққа қызмет көрсету орталығы: EGOV.KZ порталымен анықтамалар мен құжаттар беру.
Толығырақ ақпаратты Абай көшесі 5 мекен-жайында орналасқан Семей қаласы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан тел. 8 (7222) 60-00-50 ала аласыз.
 
Кәсіпкерлік бөлімі