Басы » Акимат » Хабарландыру » «БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 20 маусымында 10:00 мен 17:00 аралығында Семей қаласы, Байсеитов көшесі, 29-шы үйде өтетін «Ашық есік күніне» шақырады
«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 20 маусымында 10:00 мен 17:00 аралығында Семей қаласы, Байсеитов көшесі, 29-шы үйде өтетін «Ашық есік күніне» шақырады
Автор: Акимат
11-06-2018 09:51
«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 20 маусымында 10:00 мен 17:00 аралығында Семей қаласы, Байсеитов көшесі, 29-шы үйде өтетін «Ашық есік күніне» шақырады. Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».  
Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі:  
- міндетті зейнетақы жинақтары;
- міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;
- ерікті зейнетақы жинақтары туралы.
Бұған қоса, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы мәлімет алу әдістері туралы біле аласыздар:  
- пошта арқылы;
- электрондық пошта арқылы;
- www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы; 
- «e-mail–ге ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу» электрондық сервисі арқылы;
- ENPF мобильді қосымшасы арқылы; 
- EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы. 
Сонымен қатар, біздің мамандарымыз зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдарыңыз бойынша жеке кеңес беруге дайын.