Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Біздің денсаулығымыз бізге тәуелді
Біздің денсаулығымыз бізге тәуелді
Автор: Акимат
12-06-2018 09:51
Біздің денсаулығымыз бізге тәуелді
Адам үшін ең бағалы – ол өмір сүру және денсаулық. Егер адам ауру болса байлықтың, даңқтың, мансаптың ешқандай мәні жоқ.
ДДҰ сарапшыларының деректері бойынша адам денсаулығы қоршаған ортаның жағдайынан 20 пайызға, медициналық көмектің даму деңгейінен 10 пайызға тәуелді, 20 пайызына ауруларға тұқым қуалаушылыққа бейімділік себепші, 50 пайызы – адамның өмір сүру салтына тәуелді. Немесе адам денсаулығына әсер ететін ықпалдардың 50 пайызы – басқарылмалы. Олай дейтініміз өзіндік менеджмент – бұл адамның белгілерді, емделуді, физикалық және психикалық салдарларды, сондай-ақ созылмалы ауруларға сәйкес өмір сүру салтын өзгертуді басқару қабілеттілігі.
Адамның өзі алдындағы ең бірінші жауапкершілігі – өзінің денсаулығын қадағалау. Өз денсаулығыңыз үшін жауапкершілікті бүгін қабылдаңыз:
1. Бәрі басынан басталады. Сондықтан дұрыс ойлаудың, ақ пейілді көңіл күйдің зор мәні бар. Өз сезімдеріңізді бақылауға үйреніңіз (ашу, қорқыныш, күйзелу). Өзіңіздің қуанышты көңіл күйіңізді өзіңіз қалыптастырыңыз!
2. Үнемі физикалық жаттығулар жасаңыз. Күніне бар болғаны 30 минут физикалық жүктеме қан айналымын жақсартады, өкпе мен жүректі нығайтады, көңіл күйді көтереді.
3. Дұрыс тамақтаныңыз және өз денеңіздің салмағын бақылауда ұстаңыз. Асты мұқият және ақырын шайнаңыз. Күн сайын 1,5-2 литр таза су ішіңіз. 
4. Артериалдық қысымның және қандағы қанттың деңгейін бақылауда ұстаңыз.
5. Темекі тартудан және шектен тыс ішімдік ішуден бас тартыңыз.
6. Біздің өміріміздің орасан қарқынына қарамастан күн тәртібін сақтаңыз және өзіңізге міндетті түрде демалыс беріңіз. Жұмыста түскі үзілісті пайдаланыңыз. Апта аяғында табиғатқа серуендеуге шығыңыз.
Сіз өзіңізді барлығынан жақсы білесіз!
Сіз күн сайын өзіңізге қалай қамқор болуды білесіз!
Сіз өзіңіз шешім қабылдай аласыз!
Өз денсаулығыңыз үшін өзіңізге жауапкершілікті алыңыз!
 
 
Семей қ. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»