Басы » Акимат » Мәдениет » «Менің Елім! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!» атты патриоттық сабақ өткізілді
«Менің Елім! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!» атты патриоттық сабақ өткізілді
Автор: Акимат
12-06-2018 10:51
«Менің Елім! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!» атты патриоттық сабақ өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде мектепішілік лагерь оқушыларының қатысуымен «Менің Елім! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!» атты патриоттық сабақ өткізілді. 
Патриоттық сабақ ҚР-ның мемлекеттік әнұранының орындалуымен басталды. 
Бұдан әрі кітапхана қызметкері Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы тарихында мемлекеттік рәміздердің алатын орны ерекше екендігін атап өтті. Отанға деген сүйіспеншілік - Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуден басталып, патриоттық тәрбие беруде таптырмас құрал екендігі айтылды. 
Шара барысында слайд-тұсаукесері көрсетіліп, оқушылар Б. Бәмішұлының  «Ту», О. Асқардың «Өз Туым», М. Мақатаевтың «Отан туралы», Ж. Нәжімеденовтың «Менің елім», Б. Тәжібаевтың «Туған елім» т.б. қазақ ақындарының Мемлекеттік  рәміздерге арналған өлеңдерін  оқыды.
Сабақ соңында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. 
 
Қалалық орталық кітапхана