Басы » Акимат » Мәдениет » Әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының қарамағындағы адамдарға қайырымдылық концерті өткізілді
Әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының қарамағындағы адамдарға қайырымдылық концерті өткізілді
Автор: Акимат
12-06-2018 15:50
Әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының қарамағындағы адамдарға қайырымдылық концерті өткізілді
2018 жылдың 12 маусым күні сағат 10.00-де орталық мәдениет және демалыс саябағының әкімшілігінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай, зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының қарамағындағы адамдарға қайырымдылық концерті өткізілді. Концерт барысында зейнеткерлерге Астана қаласы туралы қысқаша мәлімет оқылып, ары қарай саябақ әншілері тақырыптық әндерімен мерекелік концертті жалғастырды. Шара соңында қарттар, өздерінің мерекелік тілектерін айтып, қатысушы өнерпаздарға алғыстарын білдірді.
 
КМҚК «Семей қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы» әкімшілігі