Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасы
«Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасы
Автор: Акимат
02-07-2018 11:41
«Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтаудың даму «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының өңірлерінде 2018 жылғы шілденің 1-нен тамыздың 31-не дейін  «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасы өткізіледі.
«Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты құрамында тұз, қант, майлары (қаныққан майлар, трансмайлары) көп азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру арқылы халық денсаулығын сақтау мен нығайту, дененің артық салмағы мен семіздіктің қаупін азайту және жұқпайтын аурулардың алдын алу үшін халыққа салауатты өмір салты негіздерін үйрету болып табылады. Қалалық және ауылдық жерлердегі шаралармен қатар ұлттық бағдарлама өткізу кезіндетерапевт, кардиология, эндокринология, онкология қызметі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандарын тарту арқылы шалғайдағы ауылдық аудандарға көшпелі қозғалмалы медицина кешені қызмет етеді.
Басты міндеттеріне дұрыс тамақтану әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру және құрамында тұз, қант, майлары көп азық-түліктердің денсаулыққа зияны туралы халықты ақпараттандыруды арттыру болып табылады. Мультитәртіпті команда құрамындағы әрбір маман консультациялар, әңгімелесулер, кеңестер, оқыту, интерактивтік шаралар өткізуге қатысады. 
Бағдарлама мынандай дұрыс тамақтану қағидалары мен ұсыныстарына негізделеді:
- Тағам түрлі, бірақ жоғары калориялы болмау керек және көбінесе өсімдіктерге баса назар аудару қажет;
- Нан, жарма және макарон өнімдері, күріш, дәнді-дақылдарды күнделікті тұтыну қажет;
- түрлі көкөністер мен жемістерді күніне бірнеше рет (400 грамнан аса) тұтыну қажет. Жергілікті өндірушілердің азық-түліктеріне басымдық беру;
- Дене салмағы ұсынылған шекке сәйкес болу қажет. (Дене салмағы индексі шамамен 18,5-25. Кетле формуласы бойынша есептеледі: ДСИ=M(кг):H2(м), М – салмақ, Н – бой.) кемінде қалыпты дене белсенділігі деңгейін сақтау қажет;
- құрамында майы мен тұзы аз сүт және сүт өнімдері (айран, сүзбе, йогурт) күнделікті ас үлесінде болуы қажет;
- майлы ет және ет өнімдерін дәнді-дақылдарға, балыққа, құс етіне, жұмыртқа немесе майсыз ет түрлеріне алмастыру керек. Ет, балық немесе құс үлесі көп болмауы қажет;
- Ботқалар мен бутербродтардағы «көрінетін» майларды тұтынуды шектеу, ет-сүт өнімдерінің майы азын таңдаңыз;
- Қантты,тәтті, кондитер өнімдерін, десерт пентәтті газдалған сусындарды тұтынуды шектеу;
- жалпы тұзды тұтыну нан, консервіленген және басқа азық-түліктердің құрамындағы тұзды ескере отырып, күніне 1 шай қасықтан (5 грамнан) аспауы қажет. Йодталған тұзды қолдану ұсынылады;
- Ішімдік — адам денсаулығына пайдасыз азық. Сондықтан ішімдікті мүлде тұтынбау немесе оның мөлшерін айтарлықтай азайту қажет;
- Тағамдағы майдың құрамын азайту үшін тамақты қауіпсіз тәсілмен дайындау ұсынылады, яғни тағамды қуырмай пісіру, қайнату және буда дайындау керек.
- Баланы алғашқы алты айда тек емізу керек. Баланы емізу екі жасқа дейін созылуы мүмкін.
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»