Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Футболдан жарыс өткізілді
Футболдан жарыс өткізілді
Автор: Акимат
09-07-2018 11:46
Футболдан жарыс өткізілді
2018 жылғы 7-ші шілде күні Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай Ертіс ауылдық округінің Мұқыр ауылында футболдан жарыс өтті. Спорттық іс-шараның өтуіне Ертіс ауылдық округі жастары белсенді ат салысты. Жарысқа Ертіс, Знаменка ауылдық округтерінен және Шульбинск кентінен құралған 4 команда қатысты. Нәтижесінде І орынды алаң қожайындары - Мұқыр ауылының «Турксиб» командасы, ІІ орынды Прииртышское командасы, ІІІ орынды Знаменка ауылынан келген команда иеленді. Жарысқа қатысқан жастар арасында үздік атанғандар «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабылдаушы» номинацияларына ие болды. 
 
Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты