Басы » Акимат » Мәдениет » «Туған қалам – Семейім» атты ойын-саяхат
«Туған қалам – Семейім» атты ойын-саяхат
Автор: Акимат
11-07-2018 16:07
«Туған қалам – Семейім» атты ойын-саяхат
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  «Шебер қолдар» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Туған қалам – Семейім» атты ойын-саяхат өткізілді. 
Шара басында кітапханашы қала тарихы туралы деректер беретін ақпараттармен бөлісті. Ертіс жағалауында орын тепкен туған қаламыз бүгінгі күннің, біздің тарихымыздың, дәстүрлеріміздің, мәдениетіміздің бейнесі екендігі айтылды. Бұл қасиетті жер тек қазақ даласының үш алыбы - ұлы ақын Абай Құнанбаевтың, ойшыл ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының, көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтің есімдерімен ғана емес, сонымен қатар Семейдің бүгінгі мәдениетімен де рухани бай екенін сөзге тірек етті. 
Қаланың қалыптасу тарихы туралы ақпарат бере отырып, оқырмандардың назарына «Менің Семейім» атты слайд-тұсаукесері ұсынылды, онда балалар қаланың көрікті орындарын тамашалауға мүмкіндік алды.
Ойын-саяхаттың жалғасында оқырмандар викториналық ойынға қатысып, сұрақтарға жауап беру арқылы туған қала туралы білімдерін нығайтты. Сонымен қатар балалар Отан, туған жер туралы өлеңдер оқып, қала көріністерінің суретін салып, өз үйлерін бейнеледі.
Шара қорытындысында «Сүйікті қалам – Семейім» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. 
 
Қалалық орталық кітапхана