Басы » Акимат » Қоғам » Қоғамдық көліктердің жұмысын тексеру мақсатында жүргізілген реид
Қоғамдық көліктердің жұмысын тексеру мақсатында жүргізілген реид
Автор: Акимат
30-07-2018 10:50
Қоғамдық көліктердің жұмысын тексеру мақсатында жүргізілген реид
Өткен аптада қала әкімі Ермак Сәлімов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге қоғамдық көліктердің жұмысы туралы реид өткізген еді. 
Осы реид қорытындысы бойынша қала басшысы жауапты сала мамандарымен бірге кеңес өткізіп, алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарларын талқылады.
- Қазіргі уақытта қала тұрғындарынан қоғамдық көліктердің жұмысы туралы сын-ескертпелер, арыз-шағымдар әлеуметтік желі арқылы түсіп отыр. 
Сондықтан біз осы мәселені шешу жолдарын қарастырамыз. Тұрғындардың қауіпсіздігі, автобус ішінің санитарлық жағдайы, жүргізуші құжаттарының болуы және ішімдік ішпеуі, көліктің техникалық жағдайы, жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау, кешкілік уақытта кесте бойынша жүруі мәселелерімен бірлесе шұғылдануымыз керек. 
Себебі бұл бірінші тұрғындардың қауіпсіздігі және өте маңызды сала. Сондықтан әрқайсыңыз жекелей жауапты боласыздар - деп атап өтті қала әкімі Ермак Бидахметұлы.
Жиналысқа мемлекеттік кірістер басқармасының, жергілікті полиция қызметінің, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, көліктік бақылау инспекциясының және жолаушылар тасымалдауды басқару орталығының өкілдері қатысты. 
Кездесу соңында бірлесе атқаратын жұмыс кезеңдері нақтыланып, тұрақты түрде ешқандай жоспарсыз бірлесе реид өткізу іс-шаралары бекітілді. 
Кейбір сала басшыларына жекелей тапсырма берілді. Барлық тапсырмалар хаттама арқылы толтырылып, орындау мерзімі бекітілді.
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі және қоғамдық көлік қатынасындағы кемшіліктер мен заңсыздықтарды анықтап, оларды жою арқылы тұрғындарға сапалы қызмет көрсете аламыз.
 
Қала әкімінің баспасөз қызметі