Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Гепатит ТОҚТА!» ұлттық бағдарламасы
«Гепатит ТОҚТА!» ұлттық бағдарламасы
Автор: Акимат
03-08-2018 14:23
«Гепатит ТОҚТА!» ұлттық бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтаудың даму «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының өңірлерінде 2018 жылғы 23 шілдеден 21 тамызға дейінгі Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған «Гепатит ТОҚТА!»ұлттық бағдарламасы өткізіледі.
Мақсаттары мен міндеттері
«Гепатит ТОҚТА»ұлттық бағдарламасының басты мақсаты вирустық гепатиттер, олардың жұғуы мен таралуының алдын алу бойынша шаралар, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір адамның өз денсаулығы мен балалардың денсаулықтарына ортақ жауапкершілікті қалыптастыру туралы халықтың ақпарат алуын арттыруболып табылады.
Басты міндеттері:
- Вирустық гепатиттер, алдын алу әдістер және өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру туралы білімді насихаттау;
-Вакциналаудың қауіпсіздігі мен одан бас тартудың салдары туралы халықты ақпараттандыру.
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын 
қалыптастыру проблемалары орталығы»