Басы » Акимат » Мәдениет » Алаш қозғалысының жетекшісіне арналған ақпараттық сағат өткізілді
Алаш қозғалысының жетекшісіне арналған ақпараттық сағат өткізілді
Автор: Акимат
10-08-2018 09:29
Алаш қозғалысының жетекшісіне арналған ақпараттық сағат өткізілді
2018 жылдың 09 тамыз күні сағат 15.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен,  Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейхановқа арналған ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында Ә. Бөкейхановтың шығармашылығымен өмірі туралы ақпарат оқылып, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді. Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін орны бөлек. Қазақ қоғамында Әлихан Бөкейхановты ХХ ғасырдың ең көрнекті тұлғасы деп қарастырады. Қазақ үшін қабырғасы қайысып, тек тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің, мәдениеттің тәуелсіздігіне ұмтылған тұлғаны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды.
 
 
КМҚК «Семей қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы» әкімшілігі